Батыс Қазақстан облысында алғашқы қар жол қатынасын қиындатты

Батыс Қазақстан облысында алғашқы қар жауып, көлік қатынасы қиындады, деп хабарлайды Kazinform.

Тұрғындар 26 қазан күні Жаңақала, Жәнібек, Казталов аудандарына жауған қардың фото, видеоларын әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Оларға сүйенсек, Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында тіпті, боран соққан.

 

Сол секілді Жаңақала ауданында қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналған. Полицейлер алыс жолға шықпауға кеңес беріп, видео жариялады.

 

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақжайық ауданында да қар жауып тұрғанын мәлім етті. Дегенмен, барлық жол ашық, жол-көлік оқиғалары тіркелмеген.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 27 қазанда өңірдің батысы мен оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Орал қаласында тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Тұрғындар арасында төтенше жағдайларға жол бермеу, өмірлік маңызы бар нысандар мен электр және байланыс жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бағытында тиісті шаралар қолға алынып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған