Қазақстанда 20 миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Бұл туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», – деп жазды Президент.