«Business FM» радиосының бас директоры Рустам Мақсұтовтың қазақ әндері туралы пікірі халықтың ашуын келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.
Мақсұтов радиохабар таратушылардың негізгі жүктемесі туралы мәселе көтерді. Оның сөзінше, бірінші мәселе — әуе толқындарының музыкалық мазмұны. Қазақ әндерінің көпшілігі радиоға жарамайды.
Радиостанциялардың, тыңдармандардың өз талғамы бар. Негізі қазақтілді аудиторияға арналған әндер біз ұсынып отырған талаптарға сай бола бермейді. Бұл — мейрамханалар мен кафелерде айтылатын әндер. Сондықтан бұл біздің форматқа сәйкес келмейді,
дейді радионың бас директоры.
Сондай-ақ, ол бизнес пен экономикаға қатысты қазақ тілінде контент ұсынатындар аз екенін жеткізді.
Соңғы бес жылда біз бизнес пен экономика туралы ақпаратты сенімді әрі дұрыс жеткізе алатын білікті кадрларды таба алмай отырмыз. Яғни бұл — өте ауқымды мәселе. Орыстілді адамдар мен бизнес туралы әдебиеттер бар, бірақ қазақ тілді аудитория үшін іс жүзінде жоқ,
деп ойымен бөлісті Рустам Мақсұтов.