Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі болып Мұрат Сердалин тағайындалды, деп хабарлайды tazael.kz
Жаңа әкімді Ақжайық ауданының активіне облыс басшысы Нариман Төреғалиев таныстырды.
БҚО әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Мұрат Амангелдіұлы 1975 жылы дүниеге келген.
Білімі жоғары. Батыс Қазақстан аграрлық университетін ветеринария және М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары Ақжайық ауданы «Мал дәрігерлік жәрдем» МҚК-ның Алмалы ауылдық округі бойынша мал дәрігерлік инспекторы, ҚР АШМ Ақжайық ауданы бойынша аумақтық басқармасының жетекші маманы, ҚР АШМ Ақжайық аудандық аумақтық басқармасы ветеринария бөлімінің басшысы, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы, Ақжайық ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің және Ақжайық ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы сияқты қызметтерді атқарды.
Тағайындауға дейін Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары болды.