Тимошенко президент сайлауына түсетінін мәлімдеді

Украинаның оппозициялық «Батькивщина» партиясының жетекшісі Юлия Тимошенко президент сайлауына қатысатынын мәлімдеді. Ол бұл мәлімдемесін партияның Киевте өткен съезінде айтты. Тимошенко «Жаңа экономикалық бағдар» («Новый экономический курс») деп аталатын бағдарлама ұсынбақ.

Киев халықаралық институты жүргізген әлеуметтік сауалнама бойынша, Украина президентіне кандидаттардың арасында қазір Тимошенко – фаворит.

Юлия Тимошенко Днепрде туған. 1997 жылы алғаш рет Жоғарғы Радаға депутат болып сайланған. 1999-2001 жылдар аралығында Украина премьер-министрінің орынбасары болған және Ресеймен газ мәселелері жөнінде келіссөз жүргізген. 2004 жылы Виктор Ющенко екеуі «Қызғалдақ революциясын» ұйымдастырды. 2005 жылы ақпаннан қыркүйекке дейін Украина үкіметін басқарды.

Ол – ТМД елдері арасында тағайындалған тұңғыш әйел премьер-министр. Бірақ Виктор Янукович президент болып сайланған соң 2011 жылы «Ресеймен газ шарттарын жасау кезінде қызметін асыра пайдаланды» деп айыпталып, 7 жылға сотталды. 2014 жылы билік ауысқан соң Жоғарғы Рада Тимошенконы босатты.

Украинада президент сайлауы биыл 31 наурызда өтеді. Бұған дейін шоумен Владимир Зеленский, Радикалды партия басшысы Олег Ляшко, Львов мэрі Андрей Садовый сайлауға түсуге дайын екендерін айтқан.

Іс басындағы президент Петр Порошенконың сайлауға түсу-түспеуі әлі белгісіз.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған