Месси «физика заңдарына бағынбайтын» трюк жасады – Футбол

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында «физика заңдарына бағынбайтын» трюк көрсететін видео жариялады, – деп хабарлайды Eurosport тілшісі.

Видеода аргентиналық футболшы доптың үстіне газдалған сусынды қойып, кейін тепкенде, бөтелке өз өсімен айналып жерге нық түседі, ал доп ұшып барып, шығыршықтың дәл ортасынан өтеді.

Леоның парақшасында видео бір тәуліктің ішінде 17 миллионнан аса қаралым жинады. Алайда трюктың шынайы жасалғанына күмән білдіргендер де болды.

Кей басылымдар видеоны кадрға бөліп, мұның сиқыр емес, жәй ғана монтаж екенін айтқан. Себебі бөтелке жерге түскенде ұзақ шайқалып тұрмаған.

Леодан бірнеше күн бұрын Мохамед Салах та осыған ұқсас видео жариялаған.

Sports.ru журналистері мән-жайды анықтау үшін футбол жайлы айтатын танымал YouTube блогері Герман Попковпен (German El Classico) байланысып көрді. Оның айтуынша, видеода көрсетлген нәрсе шындық.

«Екі жағдайда да бұл монтаж емес. Біріншіден, бұл трюкті жасау қиын емес, мен бірнеше рет қайталап көргенмін. Бұл қарапайым «боттл флип челлендж», ал сақинаға кіргізу оңай. Доптың астын тебу керек. Ал бөтелке бес рет мүмкіндіктің екеуінде түседі. Ең бастысы суды аз құйып, түбі кең бөтелкені алу керек», – дейді ол.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған