Қостанай облысында 94 жастағы соғыс ардагері адам өлтіргені үшін сотталды – Қылмыс

Бүгін Қостанай облыстық қылмыстық істер жөніндегі сотында Затобол кентінің 94 жастағы тұрғыны Иван Сурковқа қатысты үкім шықты, – деп хабарлайды Alau.kz.

Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған психиатрда мәжбүрлі түрде емделу тағайындалды. Сотталушы үкіммен келіспеген. 

Оқиға 2018 жылы 21 тамызда болған. Иван Сурков 80 жастағы Николай Давыдовты гантельмен ұрып, пышақтаған. Зейнеткер қаза тапқан. Сотта ардагердің соғыс кезінде үш мәрте зақым алғаны айтылды. 2016 жылы оның үйіне қарақшылық шабуыл жасалған. Соттың айтуынша, осы жағдайлар зейнеткердің психикасына әсер еткен.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған