Әйтімова Назарбаевпен не жайлы сөйлескенін айтты – Ел жаңалықтары

Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен не жайлы сөйлескенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев ант берген соң Нұрсұлтан Назарбаев Бірғаным Әйтімоваға барып, қол алысып амандасқан.

«Нұрсұлтан Әбішұлы келіп амандасты. Оған сәттілік тілеп, оны мақтан тұтатынымызды және әрдайым жанында болатынымызды айттым. Нұрсұлтан Назарбаевтың менімен қол алысып амандасқанынан көзіме жас алғаным сөзсіз», – деді Әйтімова.

Сенатор Назарбаевтың өкілеттігін тоқтатқаны туралы хабардың күтпеген жағдай болғанын айтады.

«Нұрсұлтан Назарбаев үшін бұл шешім өзі айтып өткендей оңайға түскен жоқ. Менің ойымша, бұл еліміздің амандығы, оның гүлденіп, тұрақты дамуы үшін уайымдаған Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған шешімі. Ол өз шешімін қабылдады», – деді депутат.

Бүгін, 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болды. Ант беру рәсімі Мәжіліс ғимаратында Қазақстан Парламенті палаталарының жалпы отырысы барысында өтіп жатыр.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беруге, Қазақстан Республикасының Президенті ретінде жүктелген міндеттерді адал атқаруға салтанатты түрде ант беремін», – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынды



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған