Астана атауы референдумсыз өзгеруі мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес үкімет Республика Президентіне Астана атауын өзгерту туралы Конституцияға түзетулер енгізу үшін республикалық референдум өткізу туралы ұсыныс жасады. Президент бұл ұсынысты референдумға шығармай, Парламенттің қарауына жіберу туралы шешім қабылдады. Конституциялық кеңес бұл мәселе бойынша оң қорытынды жасады», – деп мәлімдеді Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Нұрлан Нығматулин.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды.
«Ұлы замандасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі етуіміз керек: біздің елордаға Президентіміздің есімі беріліп, Нұрсұлтан аталуы керек. Мұндай ұсынысты осыған дейін парламенттегілер де айтқанын еске салғым келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz