Желіде Алматыдағы Алатау ауданындағы базарлардың бірінде ер адамдардың жаппай төбелесі түскен видео тарап жатыр. Полицейлер қақтығыстың сатушылар арасында қарыз үшін болғанын мәлімдеді.
Төбелес куәгерлері видеоны әлеуметтік желілерде таратты. Кадрларда шамамен он ер адам көрінеді. Кімнің төбелесіп, кімнің ажыратып жатқанын түсіну мүмкін емес.
«Аяқ киім сатушыларының арасында ақшалай қарыздарға байланысты алдымен ұрыс шыққан, кейін ол төбелеске ұласқан. Жол-патруль полициясы экипаждары тексеріс жүргізу үшін оларды аудандық полиция басқармасына жеткізді, одан әрі тәртіп бұзғандарға заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады», – деп түсіндірді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.