Тоқаев: Полиция реформасының мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау

Қазақстанда жасалып жатқан полицияреформасының негізгі мақсатыазаматтардыңқұқығын қорғау. Бұл туралы 17 сәуірде Қазақстанпрезиденті ҚасымЖомарт Тоқаев НұрСұлтандаішкі істер органдарының жұмысын талқылағанжиында мәлімдеді.

Тоқаев ішкі істер органдарына халықпен ашықжұмыс істеуді тапсырды. Ол халық 102 нөмерінехабарласса, полиция оқиға орнына уақытындабармайтынын сынады.

«Call-center жұмысында олқылық бар. Кейде 102 нөмеріне хабарласу мүмкін емес» деді Қазақстанбасшысы.

Тоқаев 102 нөмерінің жұмысын реттеуді ішкіістер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа тапсырды.

Қазақстан президенті «әкімдіктер де халықтыңшағымына уақтылы жауап бермейді» депсынады.

Тоқаев Қазақстанда жол апаты азаймай тұрғанынайта келе «бұл мәселесін парламентте, үкіметтеталқылады. Бірақ көлік апаты азаймай тұр. Жылсайын елде 10 мыңнан астам адам жол апатынанқаза табады. Бұл қарулы қақтығыстардағы, соғыстардағы адам шығынымен тең» деді.

Қазақстан президенті ішкі істер министрлігіне, индустрия және инфрақұрылымдық дамуминистрлігіне және жергілікті әкімдіктерге жолапаты мәселесін шешуді тапсырды.

Тоқаев елде көлік айнасын, ұялы телефон жәнемал ұрлау көбейіп бара жатқанын жеткізді. Олішкі істер министрлігі ұрлықтың көбею себебінанықтап, жүйелі күресу керектігін айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған