Беларусьте президент сайлауы 2020 жылы өтеді. Бұл туралы 19 сәуірде ел президенті АлександрЛукашенко халыққа жолдауы кезінде мәлімдеді.
«Билікті сақтап қалу жолдарын іздестірмеймін. Президент сайлауы 2020 жылы өтуі тиіс. Президент сайлауы заңда көрсетілген уақытта, яғни 2020 жылы болады» деді Лукашенко.
Лукашенко 2020 жылға белгіленген парламентсайлауы 2019 жылы 7 қарашада өтетінінжариялады.
Беларусьте парламент сайлауы 2016 жылы күздеөткен. Ел заңына сай, парламент төрт жылдықмерзімге сайланады. Келесі парламент сайлауы2020 жылы өтуі тиіс болған.
Беларусь Конституциясына сай, ел президенті бес жыл мерзімге сайланады. Беларусьте соңғырет президент сайлауы 2015 жылы қазанда өткен. Бұған дейін сарапшылар Лукашенко халыққажолдауы кезінде кезектен тыс президент тыссайлауын жариялайды деп топшылаған.
Александр Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан бері басқарып келеді. Бес рет сайлауға түсіпжеңіске жеткен.