Тоқаев мемлекеттік тілден емтиханды қалай тапсырды?

Р Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков «Nur Otan» партиясының атынан кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың емтихан нәтижесін жария етті.

«Өздеріңіз білесіздер, «Nur Otan» партиясы ұсынған үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін келіп емтихан тапсырды. Екі сағаттың деңгейінде біздің ортамызда болды. Ережеге сәйкес емтихан тапсырды. Бірінші жазба жұмысының тақырыбы – «Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері». Екінші мәтін оқуға Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» әңгімелер мен хикаяттар  жинағын таңдап алды. Үшіншісі ол кісінің жанына жақын  «Қазіргі Қазақстанның геосаясаты» тақырыбы болды», – деді Мырзатай Жолдасбеков.

inform.kz/

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған