24 сәуірде Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының кезектен тыс XV сьезі болып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сьезд «Ақ жол» ҚДП-ның президент сайлауына қатысуы мен оған кандидатура шығару мәселелерін қарастырды.
Сайлауға түсетін кандидаттың есімін партия төрағасы Азат Перуашев атады. Ол – VI-шы шақырылымдағы Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева болды.