2019 жылдың үштен бір бөлігін қазақстандықтар жұмыстан тыс, демалып, отбасы және жеке шаруаларымен айналысып өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz24.kz-ке сілтеме жасап.
Мамыр айында қазақстандықтар барлығы 10 күн демалады.
Оның ішінде 1 мамыр, 7 мамыр және 9 мамырдан 12 мамырға дейінгі мереке күндері демалады.
Қазақстан халықтарының бірлігі күні – 1 мамыр;
Отан қорғаушылар күні – 7 мамыр;
Жеңіс күні – 9 мамыр күні демалыс. Жеңіс күніне 4 күн – 9 мамырдан 12 мамырға дейін (демалыс күндері ауыстырылған);
Қазақстанда мереке күндері жұмыс істемейтінін ескере отырып, мереке күні демалысқа сай келсе, мерекеден кейінгі күн демалыс болып саналады.