Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Мемлекет басшысы Мәгілік алау алдында тағзым етіп, қызыл розалардан құралған бір шоқ гүлді монументке қойды.
Мерекелік іс-шараға онға жуық ҰОС ардагерлері келіп қатысты.
Бір минут үнсіздік пен ел әнұраны шырқалып болған соң Тоқаев олардың қолын алып, бейресми әңгіме-дүкен құрды.
Сондай-ақ, салтанатты жиында Асқар Мамин, Дариға Назарбаева, Нұрлан Ныгматулин, Бақытжан Сағынтаев, Марат Тәжин төбе көрсетті.
Олар да Мәңгілік алауға ардагерлермен бірге гүл шоқтарын қойып, бас иді.