2019 жылғы наурызда халықтың атаулы ақшалай табысы 98 566 теңгені құрады. Бұл жайында ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті.
«2019 жылғы наурызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 98 566 теңгені құрады. Бұл 2018 жылғы наурызға қарағанда 15 жоғары. Аталған кезең ішінде нақты ақшалай табыстар 9,7 пайызға өсті», – делінген ведомство ақпаратында.
Комитет дерегінше, 2019 жылғы наурызда халықтың атаулы ақшалай табыстарының құрылымында жалдамалы жұмыспен қамтылудан түскен табыстар – 71,5, жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар – 11,2, әлеуметтік трансферттер түріндегі табыстар – 16,3 және өзге де ақшалай табыстар 1 пайызды құраған.