Трамптың ұлы Сенат алдында жауап береді

Дональд Трамптың баласы Ресеймен байланысы бар болуы мүмкін деген тергеуге байланысты сенаторлардың сұрақтарына жауап береді.

Кіші Дональд Трамп төраға Ричард Берраның шақыруын орындап, АҚШ Сенатының барлау комитеті алдында екінші рет жауап беруге келісті. Бұл туралы The Hill газеті жазды.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ президентінің ұлы келесі айда 2-4 сағат бойы комитет мүшелерінің сұрақтарына жауап беруге келісім жасасқан.

Газетке сұхбат бергендердің бірінің айтуынша, сұрақтарға байланысты тақырыптарда еш шектеу жоқ. Олар Мәскеудегі Trump Tower жобасына, сонымен қатар Трамп кампаниясы өкілдерінің ресейлік қорғаушы Наталья Весельницкаямен 2016 жылдың маусымындағы кездесуіне байланысты болуы мүмкін.

Екінші дереккөздің хабарлауынша, комитет президенттің баласымен талқылағысы келетін он тақырып туралы жариялады. Бірақ олардың алтауы ғана келісілген. Екі жақ Трамп баласының комитет алдындағы соңғы рет жауап беруі болады деп келіскен.

Трамптың баласы басында комитетке наурыз айында жауап беруге келіскен болатын, кейін оны сәуірге ауыстырды. Ол жауап беруге келуден бас тартқанда, оған соттан шақыру қағазы келген.

АҚШ президенті Дональд Трамп баласына қатысты мұндай қатынасты «өте әділетсіз» деп атады.

Былтыр Трамп өзінің ұлы Дональдтың 2016 жылы Нью-Йоркте Ресей өкілдерімен кездескені туралы көпшілік алдында жариялаған болатын. Айтуынша, ұлы сол кездегі президенттік сайлауда әкесінің оппоненті Хиллари Клинтонге байланысты компромат алу үшін кездескен.

BAQ.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған