Қазақстанда қай президент «главный» – Елбасы Euronews журналисіне не деді

Қазақстанда екіұдайылық болмайды. Бір президент қана бар, сол сайланып, «сол главный болады«. Бұлтуралы XII Астаналық экономикалық форум барысында Қазақстанның Тұңғыш ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Біз өткен жылдар бойы халықпен тығыз жұмыс істедік, саясатымыз дұрыс болды. Мен 5 сайлауға қатыстым, ешқашан 85%-дан төмен дауыс алмадым. Тұрақтылық пен өзара түсіністіктің арқасында біздер жетістіктерге жеттік. Бұл сарапшылардың, көрші елдердің бағасы, – дедіНазарбаев.

Назарбаев негізі өзінің әлі де президент болып отыраберетін мандаты болғанын еске салды.

– Мен әлі де жұмыс істей алар едім, өз кандидатурамдышығарсамжалпыхалықтық сайлауда жеңетінім 100% еді. Бірақ өзгерістер керек. Жаңа команда өз ойын, инновациясын енгізе алады деп ойлаймын, – деп атап өттіЕлбасы.

Назарбаев қазір елде бірден екі президент жүргенінебайланысты да сөз қозғады.

– Мен бір жайсыздық туғызып отырмын, сіздерге кейде: «алдымен Тұңғыш Президент, сосын барып Президент» деуге тура келіп отыр. Осындай жағдай бар. Мен Қазақстанда екіұдайылық болмайды деп ойлаймын. Бір ғанапрезидент бар, басты адам сол болады. Оны сайлағаннанкейін бәріміз соған жұмыс істейтін боламыз, – дедіНазарбаев модератор, Euronews журналисі ШтефанГробенің сұрағына жауап бере отырып.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған