Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің президент ретіндегі ұстанымын жеткізді. Мемлекет басшысы жердің шетелдіктерге сатылмайтынын кесіп айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарлаған.

Мемлекет басшысы жердің шетел азаматтарына сатылмайтынын Қостанай облысындағы іссапары кезінде айтқан.

Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің президент ретіндегі берік ұстанымым! Президент ҚасымЖомарт Тоқаев Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мамандарымен болған кездесуде осылай мәлімдеді» , – деп жазды Берік Уәли парақшасында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған