Данияр Елеусіновтің 25 мамырда жұдырықтасатыны расталды

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) менеджері Зия Алиев Олимпиада чемпионының 25 мамыр Оксон-Хиллде (Мэриленд штаты, АҚШ) өтетін бокс кешінде жұдырықтасатынын растады.

Сегіз раундты жекпе-жекте қазақстандықтың қарсыласы 27 жастағы мексикалық Мигель Де Хесус Замудио Алонсо (43-12-1, 27 КО) болады.

«Данияр кардта. Қарсылас бекітілді – Мигель Замудио. DAZN-нен маған қағаздар келді – кім және нешеде шығатыны. Данияр осы тізімде. Бәрі жақсы», – дейді Зия Алиев.

Еске салайық, мұның алдында Данияр Елеусінов басқа шоуда – 8 маусым Нью-Йоркте өтетін Головкин-Роллс жекпе-жегінің анедркардында жұдырықтасады деп жоспарланған еді. Олимпиада чемпионы он раундты форматта алғашқы кездесуін өткізу керек еді, алайда жекпе-жек өтпейтін болды. GGG Данияр Елеусіновтің орнына өзбек боксшысын таңдады.

Олимпиада чемпионы осы жағдайға байланысты өз пікірін білдірді. Данияр Елеусіновтің сөзінше, Головкин бұл ісімен өзіне жақсылық жасап отырған жоқ.

Vesti.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған