Экологиялық конгресте су мәселесі талқыланды
Бурабайда шомылуға бола ма? Арал теңізінің қазіргі жағдайы қандай? Сорбұлақ көлі тоспасы жарылып кетуі мүмкін.
2019 жылы 27 мамырда Нұр–Сұлтан қаласында«Байтақ болашақ» экологиялық альянсының (арықарай Экоальянс) III конгресі өтті. Бұл жолғы жиналыс су мәселесіне арналды.
Конгресті ашқан Олжас Сүлейменов:
– Бізде үш нәрсені тазарту керек. Ол – су, ауа, жер, –деп Алматы қаласындағы миллиондаған тонна жарақсыз қоқыстардың үйіліп жатқанын, олардың өртеніп қала халқының тұрмысына кедергі келтіргенін еске салды.