Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО елдеріне бірігіп ұшақ шығаруды ұсынды

Еуразиялық экономикалық одақ елдері  бірігіп ұшақ шығаруды қолға алулары керек.  Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  айтты.

«Еуропалық одақтағы Airbus  концерні сияқты қатысушы елдердің барлығын біріктіретін жобалар қажет. Олар ядроға айналады. Біздің бірлестікте өндіріс жағынан да, техникалық әлеуеті жағынан да Ресей маңызды орын алатындығын мойындау керек. Тура сол Airbus  ұшақтары Еуропа елдерінің көпшілігінде шығарылады. Қосалқы бөлшектері анда, мында деп кете береді. Барлық елдер жұмылдырылған және барлық ел пайда тауып отыр. Барлық елдер жұмыс орындарын ұсынады», – деді ҚР Тұңғыш Президенті.

inform.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған