Тоқаев пен Туск заң үстемдігі, жемқорлықпен күрес мәселесін талқылады

31 мамырда НұрСұлтанда Қазақстан президентіҚасымЖомарт Тоқаев Еуропа кеңесінің төрағасыДональд Тускпен кездесіп, бизнеспенайналысуды дамыту, заң үстемдігі, жемқорлықпен күрес мәселесін талқыладық.

Кездесуде Тоқаев «Қазақстан Еуропаныңкөшбасшы елдерімен қарымқатынасты одан әрідамыта береді» деді. Тоқаев «президент ретіндеЕуропа кеңесімен серіктестіктіжалғастыратынын» айтты.

Туск «Қазақстан Орталық Азиядағы Еуропаодағының негізгі серіктерінің бірі» деді. ОлОрталық Азия мен Еуропа одағы энергетика, транспорт, цифрлық коммуникация саласындажұмыстарды дамыта түсуді ұсынған.

«Еуропа одағы Қазақстанның негізгі саудасеріктесі және шетелдік инвесторы. ЕО мен Қазақстанның серіктестігін әрі қарай дамытатынқұжатты одақтың барлық елдері мен НұрСұлтанратификациялайды. Бұл аймақтағыэкстремизм және экология мәселесін талқылауғажақсы мүмкіндік. Бұған қоса, біз Қазақстандағысаяси өзгерістерді де талқыладық» деді Туск.

Тусктің НұрСұлтанға сапары алдында бір топқазақстандық белсенді мәлімдеме жасады. ОларТуск Тоқаевпен кездесуде Қазақстандағы адамқұқығының бұзылуын, интернеттің бұғатталуын, бейбіт митинг өткізу құқығын талқылауы тиіс депсанайды.

Ақорда сайтында жарияланған хабарламада Тускпен Тоқаев кездесуде Қазақстандағы адам құқығымәселесін талқылағаны, я талқыламағаны жайлыайтылмаған.

29 мамырда Дональд Туск Орталық Азияғасапарын бастаған. Ол 2 маусымға дейінТәжікстан, Қазақстан және Өзбекстандыаралайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған