Пай-Пай, Пашинян-ай!

Осылай демеске болмай тұр. Көшедегі шеру арқылы билікті төңкеріп тастап, ел тізгінін қолға алған Никол Пашинян енді Арменияны бір уыста қыбыр еткізбей ұстау үшін, боларда болмай парламентті таратып, жаңа сайлауға көндірген. Міне соның жемісі. Кешегі жексенбі күні өткен кезектен тыс парламент сайлауында оның блогы жеңіске жетті. Енді Никол Пашинян көкейіндегісін осы парламент арқылы өткізіп, қажетті заңды қабылдай алады. Кешегі көшедегі шерулерде рюзағын асынып, сақал-мұрты қауғадай болып топ бастап жүрген ол, қысқа уақыт ішінде бас бермес асауға айналды. Бір елдің тұтқасы болды. Алдағы уақытта елдің ішкі-сыртқы саясатын айшықтап, кімге күліп, кімге қырын қарайтынын білгілері хақ. Сонымен кешегі өткен сайлау қортындысы қандай? Ол былай.

Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян
Арменияда өткен парламент сайлауында премьер-министр міндетін атқаратын Никол Пашиняннің «Менің қадамым» блогы көп дауыспен алда келеді. Армения Орталық сайлау комиссиясы 2010 сайлау учаскесінің 532-сіндегі бюллетенді санағанда шыққан алдын ала мәліметі бойынша, «Менің қадамым» блогы 70,2 пайыз дауыс жинап тұрғанын хабарлады.
«Көркейген Армения» партиясы 9,07 пайыз, «Мәдениетті Армения» партиясы 5,99 пайыз, «Дашнакцутюн» партиясы 5 пайыз, бұрын билікте болған Армения республикашыл партиясы 3,94 пайыз, «Біз» блогы 2,07 пайыз, «Сасна црер» партиясы 1,54 пайыз дауыс жинады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тигран Мукучянның хабарлауынша, сайлауға дауыс беру құқығы бара азаматтардың 48,63 пайызы (1 миллион 260 мыңнан астам адам) қатысты.
2017 жылы сәуірде болған парламент сайлауына сайлаушылардың 60 пайыздан астамы қатысқан.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған