Үкіметке жастарды тартамыз – ҚР Президенті

Үкімет құрамына  жастарды тартамыз. Бұл туралы бүгін Ақордада отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты

«Біздің заңнамамызға сәйкес Үкімет отставкаға кетпейді. Дегенмен, нақты-нақты кадрлық ауыс-түйіс болады. Бұған дейін атап өткенімдей, Үкіметке жаңа тұлғалар, оның ішінде жастар өкілі тартылады. Меніңше, барынша қабілетті кадрларды тарту қажет», – деді Мемлекет басшысы.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев «Президенттік кадрлық резерв» дайындауға уәде бергенін еске салды. Оған  еліміздің барлық өңірлерінен 300 адам кіретінін атап өтті. «Біз бұл тізімді жаңартып отырамыз. Бұл догма емес. Дегенмен, басты мақсат – жастарды мемлекетті басқаруға тарту»,- деді ҚР Президенті.

inform.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған