Аса Қадірлі Елбасы, Құрметті Отандастар! Ең алдыменмаған зор сенім артып, қолдау көрсеткен баршаҚазақстан халқына алғыс айтамын!
Бұл сайлау шын мәнінде демократия талаптарына сай өтті, сайлау алаңында нағыз ашық бәсекеге түсу мүмкіндігіболды. Барлық саяси күш өкілдері қатысты. Саясибағдарламалар сайысқа түскен әділ дода болды. Сайлау – бұл қатысушылардың пікірі ғана емес, жеңіске жететінжарыс дейді. Расында, әділ пікір. Осы өте маңызды саясибәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаты жеңді. Сондықтан бұл жеңіс – халқымыздың жеңісі.
Біз бір ел болып, халық болып Қазақстанның алдағы даму жолын бірге айқындадық. 9 маусымда Қазақстанныңжарқын болашағы үшін дауыс берген әрбір азаматтың пікірібіз үшін өте маңызды. Өйткені халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі – біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау – баршамызғаортақ парыз. Сондықтан президент ретінде халқымызғамынаны айтқым келеді: еліміздің әр азаматының мүддесінқорғау – менің басты мақсатым. Оларды саяси көзқарастарымен ұстанымдарына қарай бөлуге жол бермеймін. Түрлісаяси және қоғам қайраткерлерінен келіп түскен құндыұсыныстарды, бастамаларды мен өз жұмысымда міндеттітүрде ескеремін. Ашық және әділ жұмыс істеймін. Біз үшінең маңызды міндет – заңға сай адал қызмет ету. Біздің бірғана отанымыз бар. Тағдырымыз бір. Біз халқымыздыңжарқын болашағы үшін бәріміз бірге еңбек етеміз. Ақиқатын айтуымыз керек, бұл сайлауда біздіңазаматтарымыз Елбасының стратегиялық бағдарын қолдапдауыс берді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл әлеммойындаған даму моделін жасады. Қазақстанның көк туындүниежүзінің түкпір-түкпірінде желбіретті. Осы күндеріменің атыма азаматтарымыздан көптеген өтініш-тілектеркеліп түсуде. Олардың бәріне ортақ бір ғана тілек, Елбасымыздың жолын, стратегиясын сақтау және оны оданәрі нығайту. Шын мәнінде, халықтың дәл осындай өтініш-тілек айтуы заңды, орынды. Себебі қазіргі замандағыдамыған Қазақстан – бұл ең алдымен Елбасының арқасы.
Елбасы қазақ мемлекетінің негізін қалаушы ұлы тұлға. Олжаһандық деңгейдегі мемлекте қайраткері, әлем тарихынадәл осылай жазылды. Елбасының халқымыз үшін және әлемқауымдастығы үшін сіңірген орасан зор еңбегін әрқашанқұрметтеу – бәрімізге ортақ парыз.