Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне қатысу үшінБішкек қаласына келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттербасшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетінотырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойыншабірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады депжоспарлануда.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевбірқатар екіжақты кездесулер, соның ішінде ҚырғызРеспубликасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ, АуғанстанИслам Республикасының Президенті Мұхаммед АшрафҒанимен екіжақты кездесулер өткізеді.