«Қытайдағы аз ұлттар мәселесі – елдің ішкі ісі» деді Қырғызстан президенті СооронбайЖээнбеков Қытай басшысы Си ЦзиньпинменБішкекте өткен кездесу кезінде. Си ЦзиньпинҚырғызстанға осымен екінші рет ресми сапарлапкеліп тұр. Бұл туралы Азаттықтың Қырғызқызметі хабарлады.
Жээнбеков «Қытай мен Қырғызстан қатынасынығайғанын қаламайтын күштер барын» айтты.
Қатарында этникалық қырғыздар да бар, көбінеислам дінін ұстанатын аз ұлт өкілдерініңШыңжаңда арнаулы орындарда қамаудаотырғаны туралы ақпарат 2017 жылдан бастапшыға бастады. Куәгерлер лагерьлердеазаматтарды ұстау жағдайы нашар екенін, кейбірі азапталғанын айтады. Құқыққорғаушылар «қайта тәрбиелеу лагерьлеріэтникалық азшылықтармен күрес үшінсалынған» дейді.
Пекин қайта тәрбиелеу лагерьлері мен ондаотырған адамдар санына қатысты ақпараттытерістеумен келеді. БҰҰ айтуынша, «лагерьлерде» миллионға жуық адам отыр.
2018 жылдың соңында Бішкекте Қытайдақамауда отырған қырғыздар, қазақтар менұйғырлар мәселесіне халықаралық қауымдастықназарын аударту үшін бірнеше акция өткен. 2019 жылы қаңтарда Бішкекте «Қытайға қарсы» депаталған митингі кезінде бірнеше адам ұсталып, кейбірі айыппұлға кесілген. Қатысушылардыңбірі қытай мигранттарына қарсы «ұлт араздығынқоздыру» күдігімен ұсталған.