Тоқаев Рахмонмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Душанбе арасындағы байырғы достық қатынастар мен ынтымақтастықты атап өтіп, Қазақстанныңсайланған Президенті ретіндегі алғашқышетелдік сапарының символдық мәні бар екенінайтты, деп мәлімдейді Ақорданың баспасөзқызметі.

«Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шараларыкеңесінің саммитіне келер болсақ, Сіз осы форумның басында тұрдыңыз және оныңбастамашыларының бірі болдыңыз. ТұңғышПрезидентіміз – Елбасы Нұрсұлтан ӘбішұлыНазарбаев 1992 жылы Біріккен ҰлттарҰйымының мінберінен осындай ұсыныс жасағанболатын. Сол бастама қолдау тауып, соданбері бұл үдеріс табысты дамып келеді. Сіздіңосы ұйымның дамуына зор үлес қосқаныңыздытағы да атап өткім келеді. Ал, қазір, іс жүзіндеосы жиынды басқарып отырсыз», – дедіМемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстанның көпқырлы құрылымдар мен халықаралық ұйымдарда бір-біріне қолдаукөрсетіп келе жатқанын айтып, осы ықпалдастықты жалғастыра беруге ниетті екенінжеткізді.

Тәжікстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқаілтипат білдіріп, Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті болып сайланғаннан кейінгі біріншіжұмыс сапары екенін атап өтті.

«Ең алдымен, Сізді Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті болып сайлануыңызбенқұттықтаймын. Жоспарларыңыз бен бастамаларыңыздың табысты жүзеге асуынатілектеспін. Сайлау қорытындысыхалқыңыздың Қазақстанның ішкі және сыртқысаяси бағдарын жүзеге асыру ісіндегісабақтастықты қолдайтынын тағы да дәлелдеді», – деді Эмомали Рахмон.

Тәжікстан көшбасшысы Қазақстанменынтымақтастықтың өз мемлекетінің сыртқысаясатында маңызды орынға ие екенін атап өтті. Оның пайымдауынша, бірлескен күш-жігердіңарқасында екі ел арасындағы стратегиялықәріптестік болашақта да жемісті дами береді.
Келіссөздер соңында тараптар Душанбе саммитінің қатысушы елдер үшін Кеңессаммитінің аралық жұмысының қорытындысыншығаруға, аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктіқамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікіралмасуға және болашақтағы бағыттары мен басымдықтарын айқындауға мүмкіндік беретінінатап өтті.

Ресми кездесуден кейін Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің резиденциясы – Ұлтсарайын таныстырды

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған