Миллиард теңге ұрланған: «Қазарнаулыэкспорт» қызметкерлері ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Бас әскери прокуратураның үйлестіруімен «Қазарнаулыэкспорт» РМК лауазымды тұлғалары мен бақылауындағы заңды тұлғалардың басшыларын ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап. «Олар мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарын орындау аясында бағаны көтеру арқылы әскери және әскери-техникалық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген. Соталды тергеу басталды»,…