«Джебхат ан-Нусра» шабуылға көшті

«Джебхат ан-Нусра» террористік ұйымының (ҚР тыйым салынған) жауынгерлерінен құралған екі топ (400-ге жуық адам) «Идлиб» аймағындағы сириялық әскерге шабуыл жасады. Бұл туралы журналистерге Сирияда жауласушы тараптарды ымыраға келтіру орталығының бастығы, генерал-лейтенант (РФ Қорғаныс министрлігінің құрамына кіреді) Сергей Соломатин айтты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. «Джебхат ан-Нусра» басқа жауынгерлері осы уақытта Абу-Духур және Абу-Шарджа аудандарындағы үкімет әскерлеріне…

Read More

Ауғанстанда «Талибан» шабуылынан 12 адам қаза тапты

Ауғанстанда «Талибан» қозғалысының содырлары Майдан Вардак уәлаятындағы әскери жаттығу лагеріне шабуыл жасап, кем дегенде 12 адам қаза тапты. Уәлаят денсаулық сақтау департаментінің басшысы Салем Асхерхайдың хабарлауынша, 21 қаңтарда жасалған шабуылдан қаза тапқандардың көбі – әскерилер. Жанкешті әскери базада көлігін жарып, артынша «Талибанның» үш содыры кешенде ауған қауіпсіздік күштерімен атысқан. Атыста шабуыл жасағандардың көзі жойылған. Сол…

Read More

Керчь бұғазында екі кеме өртеніп, 14 адам қаза тапты

Ресей билігі Керчь бұғазында екі коммерциялық кеме өртеніп, 14 теңізші қаза тапқанын мәлімдеді. Ресей федералдық теңіз және өзен транспорты агенттігінің баспасөз хатшысы Алексей Кравченконың хабарлауынша, өрттен 12 адам құтқарылған. Бес адам із-түзсіз жоғалды деп саналып отыр. Өрт бір кемеден екіншісіне жанармай құйып жатқанда шыққан. Ресей ақпарат құралдары бір кемедегі өрттің екінші кемені де шарпығанын хабарлады….

Read More

Мексикада жарылыстан 71 адам қаза тапқан

Мексикада жанар май құбыры жарылып, 71 адам қаза тапқан, ондаған адам жараланған. Қаза тапқандар арасында балалар да бар. Оқиға 19 қаңтарға қараған түні Мехико қаласынан шамамен 100 шақырым жерде болған. Алдын ала дерек бойынша, жарылысқа жанар май ұрлау мақсатында құбырды заңсыз кесу себеп болған. Оқиға орнына әскерилер жіберілген. Құбырдан жанар май ұрлау оқиғалары елде жиі…

Read More

Ақ үй: Трамп пен Ким ақпан айында кездеседі

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ақпан айының екінші жартысында кездеседі деп хабарлады Ақ үй. Жұма күні Трамп Солтүстік Корея басшысының арнайы уәкілі Ким Ен Чхольды қабылдаған. Ақ үй бұл ақпаратты осы кездесуден кейін хабарлады. Кездесудің әзірге нақты қай жерде өтетіні белгісіз. Саммиттің басты тақырыбы – Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы….

Read More

Венесуэла парламенті Мадуроны озбыр басшы деп жариялады

Венесуэла парламенті ел президенті Николас Мадуроны билікті озбырлықпен басып алушы деп жариялады. Көпшілігі оппозиция өкілдерінен құралған Венесуэла парламенті президент қабылдаған шешімдерді жарамсыз деп санайды. 10 қаңтарда Венесуэла президенті қызметін екінші мерзім атқаруға кіріскен Николас Мадуро бұл орнында 2025 жылға дейін отырмақ. 15 қаңтарда CNN телеарнасы АҚШ Венесуэла парламентінің спикері Хуан Гуаидоны Николас Мадуроның орнына елдің…

Read More

Кабулда жарылыстан бірнеше адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулда 14 қаңтар күні кешке жарылыс болып, төрт адам қаза тапты, 90-нан астам адам жараланды. Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Наджиб Даништің хабарлауынша, жарылыс Кабулдың шығысындағы бұрын шетелдік үкіметтік емес ұйымдар өкілдіктері орналасқан Green Village кешенінде көлікке жасырылған бомба жарылды. Жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Ішкі істер министрлігінің өкілі Насрат Рахими…

Read More

Македония парламенті ел атауын өзгерту туралы келісімді мақұлдады

Македония парламенті елдің жаңа атауына байланысты конституцияға енетін түзетулерді мақұлдады. Солтүстік Македония республикасы атты жаңа атауды 120 депутаттың 81-і қолдаған. Енді оны Грекия парламенті де мақұлдауы тиіс. Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрас және Македония үкіметінің басшысы Зоран Заев 2018 жылы маусым айында Македонияны Солтүстік Македония республикасы деп атау туралы келісімге қол қойған. Македония премьер-министрі Зоран Заев (сол…

Read More

АҚШ әскери кемесі Қара теңізге кірді

АҚШ-тың USS Fort McHenry әскери кемесі Қара теңіздегі Румыния портына барды. АҚШ кемесі қарашаның соңында Керчь бұғазында Ресей күштері Украина әскери кемелерін теңізшілерімен бірге ұстағаннан бері бірінші рет Қара теңізге еніп отыр. Румыния мен АҚШ шенеуніктері десант кемесі Константа портына 7 қаңтар күні барғанын және ол жерде 10 қаңтарға дейін болатынын айтады. Бұдан соң ол…

Read More

Қытай БҰҰ сарапшыларын Шыңжаңға апару шартын атады

Қытай билігі БҰҰ өкілдері «тиісті процедураларды» орындаса оларды Шыңжаңға кіргізуге дайын екенін мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Лу Кан 7 қаңтарда Пекинде өткен баспасөз мәслихатында БҰҰ сарапшылары Қытайға сапарлайтындарға қойылатын талаптарды орындауы тиіс екенін және «елдің ішкі ісіне килікпей», «бейтараптылық пен шынайылық принциптерін ұстануы шарт» екенін жеткізді. Желтоқсанда БҰҰ-ның адам…

Read More