Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

Қазақстан Жазушылар одағы хатшылығы мәжілісінің шешімімен 2019 жылдың 5 сәуірі күні бір топ ақын, жазушыларға халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы (2017-2018) берілді. Бұл туралы «Қазақ әдебиеті» газетінің бүгінгі санында хабарланды.  ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Ағылшын ақыны «Құлагер» поэмасын қалай аударды Қызылордада көне әдеби мұралар көшірмесі қойылған көрме өтті «Алтын қалам» байқауына – 10 жыл: Жаңа кезеңге шығармалар қабылдана бастады Халықаралық “Алаш” әдеби сыйлығы (2017-2018) төмендегі қаламгерлерге берілген: 2017 жылдың иегерлері Ғұсман Жандыбаевқа “Арман ауыл” өлеңдер жинағына; Нұрдәулет Ақышқа “Рақымсыз көктем” әңгімелер жинағына; Сайлаубай Жұбатырұлына “Абыржы”  3 томдық шығармалар жинағына; Қайсар Әлімге “Міржақыптың оралуы, Возвращение Миржакипа” хикаят сапарнамасына; Шәмшиябану Хамзаға II томдық шығармалар жинағына; Мира Шүйіншалиеваға “Ар азабы” пьесалар, хикая мен әңгімелер жинағы үшін; Дәулеткерей Кәпұлына “Терісбұрау” өлеңдер жинағына; Мырзан Кенжебайға “Өттің дүние” өлеңдер жинағына; Сайлаубай Тойлыбаевқа  “Сарноқай саздары” жинағына; 2018 жылдың иегерлері: Нармахан Бегалиевке “Жаз – жалбыз” өлеңдер жинағына; Байбота Қошым-Ноғайға “Жұмақ нұры” өлеңдер жинағы; Зейнолла Тілеужановқа «От адам» өлеңдер жинағына; Нұржан Қуантайұлының «Асыл сөз» роман және әңгімелер жинағына; Дәурен Қуатқа “Бөрісоқпақ” әңгімелер жинағына; Өмірзақ Қажымғалиевке “Жаңғырық” трилогиясы үшін; Мінуар Әкімхановқа “Көңілге тұнған көп сурет” өлеңдер жинағына; Патигүл Мақсатоваға Патям “Хар пәсилнин гузаллиги бар” өлеңдер жинағына; Әмина Құрманғлиқызына “Әулет пен нәубет”  шығармалар жинағына; Серікбай Оспановқа “Алқоңыр” өлеңдер жинағына берілді. Айта кетейік, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы 1992 жылдан бастап беріліп келеді.

Дерек көз. inform.kz