Әлемді басқарудың кілті немесе Шамбала туралы шындық

179

Жақында   Германия, Ұлыбритания  және  АҚШ  кезіндегі  үшінші  Рейхқа  байланысты   кейбір  құпия құжаттардың   сырын  ашуды   кейінге  қалдырды. Дұрысы   2044 жылға  дейін…     Неге?  Тіпті    кейбір  құжаттардың  құпиясын  ашу    ол  мерзімнен де  кейінге  шегерілді. Соның  ішінде  негізгісі,  СС  бөлімінің  бес  офицерінің,    яғни оберштурмфюрер Генрих Харрер бастаған  топтың  Тибетке  құпия  сапары. Гимлердің   арнайы  тапсырмасымен  келген   олар  Тибеттегі  кез-келгеннің  табаны  тие   бермейтін,   шытырман  оқиғасы  мол,   ғажайып  тау,  Кайлаштан   жер  «кіндігін»  тауып  қайту  еді.  Жер  «кіндігін»  табу,   бүкіл  әлемге  жеке  дара  қожалық  ету  деген  сөз. Жер  «кіндігін»  табу,  уақытты  кері  айналдыра  отырып, өзіңе  ұнаған  жолмен  жүру  деген  сөз. Сондықтан  Үшінші  Рейх  қалайда  құдіретті тылсым  күшіне  ие  Шамбаланы іздестіруді  алға  мақсат  етті. Себеп… әрине   көп.  Соның  біріншісі,  кез-келген    саналы  тіршілік  иесі «мәңгілік  өмір»  іздейтіні  белгілі.  Ол  үшін    адамға  жайлы  жұмақ  өлке  қажет-ақ. Ол  қайда?  Үшінші Рейх  басшыларының  алдында  осындай  «жұмақта»  өмір  сүрсек  деген  қияли арман  тұрды. Екінші  бір  себеп,   дәл  сол  тұста,  яғни  1942  жылы   Сталинград  түбінде  неміс  әскерлері  қоршауға  алынды,  оның  үстіне  Африка  жерінде   тұрған    армиясы   талқандалды.   Осының  бәрін   безбенге  салған  Гимлер Гитлермен  жедел  кездесіп,   оңаша  алты  сағат    сөйлесті.

Гимлердің  қолында    2000  беттік  құпия  құжаттар  (бұл  құжаттардың  кейбірі  1990  жылы    кездейсоқ  ашылды)   болды.  Фашистік  Германияның    Ішкі  істер  басқармасының    және  СС  арнаулы  жасақтың  басшысы  Гимлер Гитлермен   алты  сағат  не  жөнінде  сөйлесті?   Қазір  басы  ашылып,    белгілі болған  кейбір  құжаттардағы   деректерге  назар аударсақ, әңгіменің  ауаны жедел  түрде  Тибетке  ғалымдар  мен  альпинистерден  тұратын экспедиция  аттандыру жөнінде  болған.   Олардың  міндеті   құпия  үңгір  Шамбаланы   іздестіру  еді.   Гимлердің  бұл  жерде  алға  қойған  мақсаты Шамбаланы,  яғни  жер  «кіндігін»  таба  отырып, уақытты артқа бұрап,   Германия  үшін  ең  қолайлы  1939  жылға   кері  қайту  болатын. Осы  жылдан  1942  жылға  дейн жіберген  қателіктерді  түзетіп,  соғыста  қалайда  жеңіп  шығудың жолын  қарастыру  еді.  Құпия  деректер осылай  дейді…   Тибетке    сапар  жасау  жобасы  үшін    құпия  сызбалары  мол, арнайы  карта да  даяр  тұрған. Оны да  осы Үшінші  Рейхтың 1938  жылы   Тибетке сапарлап  барып  қайтқан құпия  экспедициясы  жасап келген   еді. Осы  жерде  бір айта  кетер  жайт,   сол экспедицияның  Тибетке  жасаған   сапары  жөнінде  түсірілген  өте  құпия деректі   фильмдер  Берлинді   Кеңес  әскері    басып  алған кезде   қолға  түскен.  Өкінішке  қарай,  осы  фильмдермен  бірге   Шамбалаға  баратын  жол,    жер «кіндігінің»  сызбалары   барлығы  снаряд  түсіп  талқандалып,  өртеніп  кеткен-мыс…   Әрине   «немістердің  айдаладағы  Тибетте   несі  бар,  мұның  бәрі  кейіннен  ойлап-табылған  қиял-ғажайып  әңгіме  емес  пе»,   деген  заңды  сұрақ  тууы да  мүмкін. Бір  қызығы,  1945  жылы   жартылай    бомба  түсіп бұзылған рейхкеңсесінің   жер  төлесінен    НКВД-ның   офицерлері  өліп  жатқан   тибет  ламасының  денесін    кездестірген.  Осының  өзі-ақ  Үшінші  Рейхтың  Тибетке   сапар  жасау  мәселесі  шындық  екенін  танытары  хақ.   Сонымен   немістердің  Тибетке  жасаған  сапарына  келейік. 1943  жылдың  қаңтарында австралиялық кәсіпқой   альпинис  Генрих Харрер  және Гимлердің  сенімді  өкілі Петер Ауфшнайтер  бастаған   бес  адам   өте  құпия  түрде  Тибетке  аттанды…   Бұл жөнінде  Үшінші  Рейхтың  санаулы  басшылары  ғана  хабардар  еді.   Алайда  мамыр айында  Үндістанды отарлап  отырған  британдықтар  оларды    сол  жерде  ұстап, қамауға  алды.  Дегенмен  кім  көмектескені  белгісіз,  бұл  бесеу      түрмеден  қашып  шығып,   жер кіндігі  Шамбаланы  іздеуге  ит  тұмсығы  өтпес  жыныс  орманды   көктей  өтіп, адам  шығуы  мүмкін емес  қия  беткей,  шың-құздарды  басып  өтіп   Шамбалаға  бет  алды. Бұдан  ары  сапардың  барысы қалай  болды,  әлі  күнге  белгісіз. Олар  жеті  жыл Шамбаланы  іздеп  адасып  жүрді. Әр  түрлі  жағдайда бірге  жүрген  серіктері  өліп,  тек Генрих  пен Петер  ғана  аман  қалған.  Бұлар  адасып жүріп бір  үнділікке  кез  болады. Содан  соғыстың  біткенін,  немістердің  жеңіліс  тапқанын  естиді. Тибетте  жеті  жыл  тентіреген   немістер  Шамбаланы  тапты  ма,  жоқ  па?  Осы  экспедицияның  өмірін  зерттеген  кейбір тарихшылар  «олар  Шамбаланы  тапты.  Бірақ  жер  «кіндігін»  қалай  бұраудың  жолын  білмеді»  деген  дау айтады.   Кім  білсін?   Тибеттік    ламалардың  сөзіне  сенсек, Шамбаланы  тапқан  жан   әлемдік  уақытты  басқарғанымен  қатар, ерекше  тылсым  күшке  де  ие  болатын  көрінеді.  Ғажайып  күйге  енген  адамның  бойына өлмейтін күш  дарымақ. Осының  бәрін   тибет  ламаларынан естіп-білген  Гимлер Шабала  табыла  қалған  жағдайда   сол  жерге  мыңдаған   арнаулы  жасақ  аттандырып, «өлмейтіндердің» легионын жасақтамақ  болған… Егерде солай  бола  қалған  жағдайда  Екінші  Дүние  жүзілік  соғыстың  қорытындысы  өзгеше  болып,   тарих басқа  бағытқа  бет  алар  ма еді?..   Сонымен  1943  жылы  Тибетке  аттанған  топтың  соңғы тұяғы  Харрер    ұзақ  уақыт Далай  ламаның  сарайында  оның  баласын  ағылшын  тіліне  үйретіп,  тек 1951  жылы  еліне-  Австрияға  оралды.  Жай  оралған  жоқ,  «мәңгілік  жұмақ» мекен,  Шамбала  жөнінде  көптеген   деректер  ала  келді. Бірақ ол  деректерді  бірден  британдықтар  тәркілеп  алып,   құпия  мұрағатқа аттандырды. Дегенмен   араға  біраз уақыт  салып   альпинист  «Жеті  жыл  Тибетте»  деген   мемуар кітабын  жарыққа  шығарды.  Кейіннен  осы кітаптағы    оқиғаны  бетке  ала  отырып  Голливуд  керемет    кино  түсірді.   Осы  аралықта Гимлердің  Тибетке   экспедиция  жіберуі  жөніндегі  кейбір  деректердің  беті  ашылды. Бірақ  ол кезде Харрер бұ  дүниелік емес  еді. Сол  Харрерден  тартып алынған    деректер  мен фильмдерді  Британ  үкіметі  әлі  құпия  сақтауда. Онда Шамбалаға баратын  жолдың  сызбалары  бар  көрінеді… Осы  тұста айта  кететін  тағы  бір  жайт, 1920  және 1924  жылдары Британ  Үкіметі  де Тибеттен Шамбаланы  іздеу  үшін   екі  экспедиция  аттандырған  еді.     Ол  сапарды  сол  кездегі  атақты   профессорлар   Лаффтер  мен Кенсингтон  басқарып  барды.  Бірақ   осы екі  топтың  да  тағдыры  белгісіз.  Қайтып елге   оралмаған. 1997  жылы Непалдағы буддистердің   Капан  монастырының   Бас  ламасы   Би-би-си  арнасына  берген    сұхбатында : «Әрине  жолы  болған  жан,   Шамбалаға  барып,  жер кіндігін  көруіне  болады. Бірақ  ол  жерден  кері  оралатындар өте  сирек»  дегенді айтқан.   Жалпы «Үшінші  Рейх  Шамбаланы  қайдан  білді»  дегенге  келсек, Гитлердің  жақын  досы  Рудольф  Гесс Мюнхен   университетінің  профессоры Карла Хаусхофердің  шәкірті  болған. Ал  Хаусхофер ХХ  ғасырдың  басында  Германияның  жапон  еліндегі   әскери атташасы  болған  еді. Сонда  жүріп Карл Хаусхофер Шығыстың  «Жасыл  айдаһар»  атты ең  құпия  ұйымының   мүшесі болып кірген.

Тибет  орталығы Лхасадағы  монастрда   арнайы  дайындықтан  өтеді. Бірінші Дүниежүзілік  соғыста Хаусхофер  өзін  жақсы  қырынан  көрсетіп,   вермахтың   генералы  деңгейіне  дейін  өскен. Оның  маңайындағылар  жас  генералдың  өте  талантты,  болжамы  нақты  шығатынына  таң  қалысқан. Ол  мықты  көріпкел  еді. Артынан  өзінің  айтуы  бойынша,    бойындағы  көріпкелдік,  болжам  жасаушылық  қасиет   монахтардың  ортасында  арнайы  дайындықтан  өткен соң   пайда  болған.   Ал Үшінші  рейх  басшыларының   Шығысқа деген  қызығушылығына  осы Хаусхофер  үлкен  әсер  еткен. Оның  Тибет  жеріндегі   керемет  мекен  жөніндегі әңгімесі   Гимлер  бастаған  топты «жер кіндігін»  іздеп  табуға  жұмылдырған. Шындығына  келсек, фашистердің   бүкіл  мемлекеттік нышандары,   соның  ішіндегі свастикасы (мемлекеттік  белгісі)  Германияға    Тибеттен  келгені  белгілі. Оны да  әкелген –Хаусхофер. 1904-1912 жылдары көне   қолжабаларды  іздеп  Лхасаға  барған Хаусхофер  болашақтағы  неміс  экспедицияларының  бастамасы  болғаны  хақ.   Жалпы   Үшінші  Рейх  үшін  тибеттіктердің    рөлі  үлкен  болған.  Неге  дегенге  келсек, деректер әлемді  басқарудың  «кілті»  тибет  жерінде  болған  деген айғақты  алға  тартады. Ал  әлем  қожасы  атануға  тырысқан Гителер   ол  елдің   тылсым  күштерді  игере  алған құпия  ұйымдарымен  тығыз  қатынас  орнатқан. 1945  жылы  Берлинге шабуыл  кезінде кеңес  әскерлері фашист  өліктерінің  арасынан  мыңға  тарта    өлген  үндігималай  тұқымдас  ұлттардың денелерін  кездестірген.  Олардың  бәрі   өз-өздерін өртеп  шейіт  болғандар.  Күйіп  кеткен  олардың    жанынан  ешқандай  құжат  табылмаған. Осының  өзі-ақ  Гитлер  және  оның  айналасының тибеттіктермен  жақсы  қарым-қатынаста  болғанын,   олар  білетін  тылсым  күштерді  игеруге  күш  салғандықтарын  көрсетеді.         Әлемді  басқарудың  «кілті»  болатын Шамбала  шындық  па,  әлде  алыпқашпа  әңгіме  ме?  Мұны    «нақты»  деп  ешкім  де айта  алмайды,  сол  сықылды  «жоқ»  деп  те  оны  ешкім өтірікке  шығара  алмайды. Өтірік  болса, Британия, Германия,  кезіндегі  КСРО  миллиондаған  қаржы  бөліп,  ондаған  экспедицияларды құпия  түрде  Тибетке   аттандырмас  еді. Барлығы да  құдіреті  күшті  тылсымды  игеріп, әлемді  билеп  тұруға  ұмтылғаны  шындық.  Немістердің свастикасы  секілді,  кеңес  елінің  бес  жұлдызды   нышаны  да  сол Тибет   жерінен келген. Бұлардың  бәрі тибет  ламаларының  құрал-рәсімдері  еді.  Жалпы  Шамбаланы  іздеп  аттанған  ондаған  экспедициялар оны  тапты  ма,  жоқ  па,  белгісіз. Бәрі  бүгінгі   күні  құпия. Шынтуайтында Тибет  әлемдегі   ең  жұмбағы ашылмаған   мекенге  жатады. Ондағы бар  құпия  тылсымды  бойына сақтаған  Нам-цо  көлі, Ярлунг  Цангпо  өзені, Кайлаш  тауы  әлі  сырын  адамзатқа  аша  қойған  жоқ. Тіпті   Кайлаш   тауынан   жақында «тірі»  және  «өлі»  су  табылғаны  жөніндегі   сенсациялық  дерек  әлем  баспасөзінің «нанына»  айналғаныда  белгілі. Тибет  иогалары  осы  «өлі»  суды  ішіп,  өздерін   біраз  уақыт,  не  болмаса  ондаған жылдарға «өлтіріп»  сосын  «тірі»  суды  ішіп  қайтадан   тірілетіні де таңғаламасақа  болмайтын жайт.  Бұл сулардың  қасиеті   адамдардың  ағзасын  жасарта алатын   құдіретке  де  ие. Рак  секілді  ғасыр  обаларының  да  бірден  бір  емі  көрінеді. Жалпы  Кайлаш  тауындағы   құдіретті  су  жөніндегі   әңгімемізді   алдағы  санда  жалғастыратын  боламыз.   Сонымен  әлемдік уақытты  алға  не  кері  жылжыта алатын   жер «кіндігі»  Шамбала  бар  ма,  жоқ па? Мұның  ақиқатын    алдағы  уақыт   көрсете  жатар.

                                                                            Нұрсұлу  Мырзабекова