Ғарышкерлер көкте көргенін неге жасырады?

Көк   көз  тіккен   ғалымдар:  «Жердің ғаламдағы айнымас  серігі   Айда керемет  дамыған  өркениет болған» дейді. Жәй  айтып  қана  қоймайды,   нақты  дерек-дәйекті  алға  тартады. Бірақ  оны  толыққанды  жариялауға   әлі  ерте.  Яғни әзірге  ол  құпия. Неге? Ол жағы   бізге  беймәлім. Бәлкім көпшіліктен    құпия  ұстайтын  бірдеңе  болғаны  да.

Тіпті 1960  жылы-ақ  АҚШ-тағы  белгілі  сараптама  орталығы  болып  саналатын Брукингс  институты: «Адамзаттың  ғарышты  игерудегі  соңғы  жетістіктері» деген баяндама  даярлаған. Онда көптеген   құпия  деректер  алға  тартылып, NASA-ның (АҚШ   ғарышты  зерттеу  орталығы) өзге  ғаламнан   саналы  тіршілік  иесін тапқаны  келтірілген. Бірақ  баяндамада  оның  бәрі  белгілі  бір уақытқа  дейін  құпия  ұстау  керектігі жөнінде айтылған… Неге? Белгісіз. Мәселен Ришард  Хоглендтің  «Миссияның   көлеңке  тұсы  немесе NASA-ның  құпия  тарихы»  деген атақты  кітабында баяғыда  ай  бетінде  дамыған  өркениет  болғанын  жазады. Ол  өркениет  жөнінде  айтқанда,  оқиғаны қиялынан  алып  отырған  жоқ.  Нақты  деректі  алға  тартты.  Яғни, алғашқы  автоматтандырылған  ғаламаралық    станса ай  бетін  зерттеу  кезінде  өркениеттің  ошағын  тапқан. Онда  өмір  сүрген  саналы  тіршілік  иелерінің  дамығаны  сонша, бүкіл Күн  жүйесіндегі  ғаламшарларға   өз  дәнегін,  яғни  ұрығын  сепкен…

Алғашқы  «Аполлон»  ғарыш  кемесі    ай  бетіне  қонып,  қайтып  оралғанда NASA ғарышкерлер  Айда  көргендерін  жұртқа  жайып жібермес  үшін,  барлық   мүмкіндіктерін  сарп  еткенге  ұқсайды. Әйтеуір құпияны  халыққа  таратпау  мақсатында.  1980 жылы Ричард Хогленд «Аполлон»  бағдарламасын  жүзеге асыру  кезінде  сонда  жұмыс істеген доктормен  кездейсоқ танысады.  Әңгіме   ғарышқа   байланысты  жалғасқанда,  доктор:  «Аполлонның»  көктен  оралған    әрбір  экипажын   арнайы   гипноздық   сенастан  өткізіліп  отырылғанын  айтқан. «Не  үшін?»  деген  ғарышкерлердің  сұрағына,  дәрігерлер  «айда  көргенін  толық   еске  түсіру   үшін  қажет»  деп  жауап  беріп  отырған. Бірақ  шындық  басқа  еді.

Ең  бастысы, гипноз   ғарышкерлердің    көк  төсінде  көргендерін жадынан  шығарып  тастау  үшін қолданылған. Себебі Айда  көргендерін   халық   арасына таратпау,  «бізден де  өзге  өркениет бар екен,  ертең  олар  бізге  соғыс ашып  жүрмей  ме?»  деген  тәрізді  үрейді елдің  есіне  түсірмеу. Мақсат  осы  еді», –  дейді доктор  Хогленднің  сауалына.

Бәлкім  оның айтқандары  шындық  болуы да  мүмкін. Себебі ай  бетіне  тұңғыш  табан  тіреген Нил  Армстронг   ұзақ  жылдар халық  алдына  шықпай   саяқ  жүрді. Ғарыш  жайлы  әңгіме  айтылған  жерден  қашты… Неге? Бәлкім сол  гипноздың  әсері  де  болуы  мүмкін. Табаны  айдың  топырағын  иіскеген екінші  адам Эдвин Олдрин де  осындай  жағдайды  бастан  өткерген. Тіпті  ол  өзінің  естеліктерінде   ешқандай  бүкпесіз   барлық  жайды  жайып  салған. Талай  кездесуге  барғанда «Көкте  не көрдіңіз?  Айдың  бетінде   есте  қалатындай  қандай  оқиға  болды? Өзіңізді  қалай  сезіндіңіз?» деген көпшіліктің   сұрағына  өнебойы  қалтырап,  ештең айта  айлмай  қалады екен. «Айға  ұшқанға  дейін  бойымда   мұндай жағдай  болмап  еді, көктен  келгелі  бері  осыған  душар  болдым. Ғарыш  жайлы  әңгіме  айтылған  жерден  тұра    қашқым  келіп  тұрады. Өзімді  өзім  түсінбеймін»  дейді  ол  естеліктерінде.

Бұған  гипноз  қатты  әсер  еткен  болуы  керек. Қалай  десең  де,  Айдың  бетінде  өркениет  болғанын  өз көзімен, саналы   тіршілік  иелері  соққан ғажап  ғимараттарды  аралап  көрген тірі  куәгерлердің  бірі  ғой… Осы  ғарыш  кемесінің  командирі,  ғарышкерлердің үшіншісі  болып  Айдың   бетінде  адымдап  жүріп  көрген  Чарльз Конрадта  гипноздан  қашып  құтылмаған. Ол  да көпшіліктің  алдында ештеңені дұрыстап есіне  түсіре  алмай  дал болады  екен. Себеп  белгілі. Жадыдағы   көргендер  өшірілген, яғни  жады «сүртілген». Ал екінші  бір  ғарыш   кемесі «Аполлон – 14»-тың  ұшқышы Эдгар Митчелл ұзақ жылдар  бойы аспан  төсінде  көргендерін  еске  түсіру  үшін жанталасып  талай  жерге  барған. Яғни талай  психологтармен сиқыршылардың  есігін тоздырған. Бірақ  ешқандай  емдеу,  еске  түсіру сеанстары   әсер  етпеген. Демек  өте  қатты  жүргізілген  гипноз  арада  ондаған  жыл  өткен соң да баяғыда  болған  оқиғаны  еске   түсіруге  кедергі  болған. Дәл  осы  Эдгар    қара-көкшіл күмбезді  ай  бетіндегі  жұмбақ  құрылыстың    жанында   тұрып суретке  түскенінде ұмытып  қалыпты. Осы құпия   суретті  NASA-ның  мұрағатыннан  көргенде «мұның  қай  жер екенін  біле алмадым»  деп  жауап  беретін  көрінеді. 1962  жылы 20  ақпанда   ғарыш  кемесімен  жер  бетін  айналып  ұшқан  ғарышкер Джон Гленн   мындай бір әңгіме  айтқан.  «Көкте  мен  өзімді  өте  жайсыз  сезіндім. Иә,  көп  нәрсені көрдік.  Бірақ  айтуға  болмайды. Айтқым  келмейді.  Еске  де алғым  жоқ.  Қазір  жұрт көріп  жүрген «Әлемдер  соғысы» деген  фильмдер  бар. Бәлкім  дәл  сондай   жағдай  көп ұзамай жерде  де  орын алуы мүмкін. Ғаламаралық  соғысты  айтып  отырмын. Жатжұрттықтар  түбі  бір жерге шабуыл  жасауы  мүмкін.  Олардың дамуы  бізден  жоғары. Жеңілетін біз  болмақпыз…»  – ғарышкер  солай  дейді.

Кім  білсін? «Жоқ  олай  емес»  деп  те айта алмайсын. Өйткені   көктен  келгендердің  барлығы  бір  құпияны  жасырады. Айтқысы  келеді,  бірақ  айта алмайды. Өйткені  айтқызбайды. Халық  арасында  үрей  туғызбау  үшін бе, әлде  өзге де  себебі бар ма? Ал  адамзат ғаламаралық соғысқа  даяр  ма? Әлде құл  бола ма?..