Қызыл ғалам

Адамзаттың   көк зеңгір аспанға  қызығуы  ешуақытта   толастаған  емес. Жеті  қат  көктің  ар  жағында  не жатыр?  Күнді  қоршаған   планеталардың  қайсысында  тіршілік  бар?   Егер де жер шарында  үлкен апат  бола  қалса, саналы тіршілік  иелері  қай  планетаға  қоныс  аудару  мүмкін?  Адамзатты  толғандырған  дүние  көп. Бірақ шетсіз-шексіз әлемнің  құпиясын  ашып, «мына  жерде   тіршілік  бар,  өмір  сүруге  қолайлы» деп  ешкім  әлі  айта  алған  жоқ. Дегенмен  түрлі  жорамал  көп. Жақында ағылшын  ғалымдары   жерден  жарық  жылдамдығымен  есептегенде  40  жыл  жүретін  жаңа планета  тауып, оны GJ1214b  деп  белгіледі.  Бір қызығы   аспан  әлемін  зерттеп жүргендер онда  су  бар  деп болжап  отыр.  Тіпті  су  болғанда   жердегіден де  көп  деседі. Демек  су  болған  жер  де  өмір  бар  деген  ұғым  өз-өзінен   түсінікті. Бірақ  ол  қаншалықты  шындық?   Дегенмен адамдардың  ең  көп  қызығушылығын  тудырған  күн жүйесіндегі  ғалам  ол – Марс.

Міне,  жарты  ғасырдан  астам  уақыттан  бері   геолог,  астроном  т.б. саланың  оқымыстылары,  ғалымдары  осы қызыл  планетаға  деген  құмары  басылар  емес. Неге  десең,  осы  бір қызыл  жалқын  түске  боялған  планетадан көзге  түсіп, ғалымдардың   есін  алып  отырған жұмбақ жайттар  өте  көп.  Соның  бірі  «Марс  беті»  деген  атқа  ие  болған,   ұзындығы  2,5  шақырым,  көлденеңі  2  шақырым  болатын   адамның  алып  басына  ұқсас  сурет. Ол  Марстың  батыс  бөлігінде  жатыр.  Алғашында  ғалымдар   жарық  пен  көлеңкенің әсерінен  туындаған   дүние деп қабылдады. Алайда  өзге  бір  қырынан  түсірілген  сурттерге  сараптама  жасай  келе,  ол  ешқандай   жарық пен көлеңкеден  пайда  болған  кеспір емес, таза  адамның  бейнесіне  келетін   жұмбақ  бедер  деген  шешімге  келді. Ол  неден  пайда  болды? Сыры  не? Әзірге  дөп  басып   ешкім айта  алмауда. Марстың  тағы  бір  құпиясы  Мысыр  пирамидаларына  ұқсас  үш  бұрышты өркештердің  әр  қиырда шашыла  орналасуы.

Ғалымдар Мысыр  пирамидалары мен  Марстағы сыры беймәлім   нысандар  арасында   үндестік,  байланыс  бар  деп  отыр. Сонда оны  көкке  апарып  кім  салды екен? Әлде  бұл ғаламшарлар  арасын  көктей  ұшып  жүрген өзгебір  өркениет  иелерінің  туындылары  ма? Бұдан  қалса,  ғалымдар    планета  бетінде көптеген  өзен-көлдердің   құрғап  қалған  сұлбасын  тауып  отыр. Су  қайда? Тағы  бір  мәселе,  ғалымдар  Марстың  1,5  миллион  шаршы  шақырымын  мұз  құрсап  жатуы ықтимал  дегенді де айтуда. Сондай-ақ,   әр  кезде   Марс  бетінен  белгісіз  жарқыл байқалап  отырады екен. Ең  керемет жарқыл  1937 жылы 4  маусымда  болыпты.  Ұзақтығы  5  минутқа  созылған.  Бұл құбылыста  қызыл  планетаның  шешілмеген  бір жұмбағы.

Астрономдар Марс  бетінен   жердегі  Суэц, Панама, Кильск  секілді  адам  қолымен  тұрғызылған  алып  каналдар  секілді   аса    ірі  жыралардың барлығын   байқаған. Адам  қолымен  қазылғандай керемет! Бұған  не  дейсіз? Көптеген уфолгтар жеті  қат  көктің бір  қиырында   тіршілік  бар,  онда қатты  дамуға  қол  жеткізген  саналы   тіршілік  иелері  тұарды  деседі. Ал  жер бетінде,  я  болмаса  өзге планеталарда  болып  жатқан  тосын  құбылыстардың  авторы  солар   деген  көзқараста. Тіпті  ұшатын  белгісіз табақшалар  солардың  ғарыш  кемелері дейді  олар.  Бәрі  мүмкін.

Кейбір оғаш жайттар  жайлы  нақты  деректерге  көз  салсаң,  сенбеске   амалың  қалмайды. Бұған  дейін   бөгде  тіршілік  иелері   яғни  гуманоидтар   жайында   ақпарат  беттерінде  талай  ғажайып    жайттар  айтылып,  жазылып  келгені  белгілі. Олар  жөнінде  уфолгтардың  да  пікірі  көп. Дегенмен гуманоидтармен  тікілей байланысқа  түскен   ғарышкерлер әлі  күнге  өз  ойларын жасырып  келді. Бұған  халықтың  арасында  үрей,  түрлі   көзқарастар  туып  кетпес  үшін АҚШ  аэроновтика және ғарышты  зерттеу  ұлттық орталығы (НАСА)  тосқауыл  қойып  келгені  белгілі. Сол  секілді   кешегі  кеңестік  империя да  бөгде  жұрттықтар  жөніндегі   мәселелерді  өте  құпия  ұстауға  тырысты. Дегенмен  бүгінгі  күні арнайы  орындар  жат  планеталықтар  жөніндегі  деректерді  қанша  жасырғанымен,   ептеп сыры  ашылып жатқан дәйектер  баршылық. Енді  соған  кезек  берелік.

АҚШ-тың   айға  қонған  6-шы    ғарышкері Эдгар Митчел  ұзақ  жылдар жұрттан  жасырып  келген  сырын,   соңғы уақтта  жайып  салды.  Ақпарат  құралдарының  біріне  берген  сұхбатында,   ол НАСА   соңғы  60  жыл  бойы жасырып  келген,  яғни жат  жұрттықтар мен жер  тұрғындарының  бірнеше  мәрте байланысқа  түскені  жөнінде  әңгіме  қозғалған. Оның  айтуынша, бөгде  тіршілік  иелері  қазір   түсіріліп,  көрсетіліп  жүрген  фантастикалық фильмдердегі   жатпланеталықтардың  кейпінен  аумайды. Олардың  бастары  үлкен,   көздері  алақандай,  денелері  шағын. Бірақ техниканы  меңгергені  сонша,   олардан  адамзат   жүздеген,  мыңдаған  жыл  кейін  қалған  көрінеді.  Олар  мінген   ғарыш  кемелерінің  өзі  керемет дүниелерден  жасалып,  жылдамдығы таңқалдырарлық. «Олармен  жауласуға  болмайды.  Егер  екі  ортада түсініспеушілік  бола  қалса,  онда  адамзат  құрып  кетуі  әбден  мүмкін»  дейді Митчел. «1947  жылы Розуээом  маңында  жатжұрттықтардың  ғарыш  кемесі    апатқа  ұшырағаны  шындық. Ондай  жағдайлар  бүгінге  дейін  жер шарының көптеген  нүктесінде   орын алды.  Бірақ  мұның  бәрін  арнаулы  орындар  «табиғаттың  түрлі  құбылыстары» деп,  адамдардан жасырып  келді. Бірақ  үнемі олай  жасырып  ұстау  мүмкін емес»  дейді  ол.

Ал  НАСА-ның  бұрынғы  қызметкерлерінің  бірі   Ричард   Хоглед «Жалпы  «Аполлон» жобасы  айда  адамзат  өркениеті  болғанын дәлелдеп  берді. Әрине  біз   бұл  жөнінде  өте  аз  білеміз.  Қолдағы  бар  мәлімет  тақыл-тұқыл. Бірақ  соның  өзі Күн  жүйесіндегі  барлық  планеталарда   тіршілік  болғанын  айғақтайды. Бірақ  олар  қазір  қайда  кетті?  Мәселе сонда»  десе, ағылшын  физигі Линдон Мередит: «жерасты  қабаттарын зерттейтін  болсақ,   бұдан  миллиондаған жыл  бұрын жерде  керемет  өркениет  болғанын  бағамдаймыз. Ол  тіршілік  иелері  дамығаны  сондай,  кейінен   ғарышқа  шыққан.  Марсқа  дейін  барған.  Алайда   осыдан  30  миллион  жыл  бұрын ядролық  жанжал  орын  алып,  құрып  кеткен»  деген  болжам  айтады.

Сонымен Күн  жүйесінде   тіршілік  болды  ма? Бұл  жөнінде НАСА-ның  бұрынғы  қызметкерлері   Ричард Хогленд  пен Кен Джонстон   әлемде  ерекше  қызығушылық  тудырған «НАСА-ның   құпия  тарихы»  деген кітабында  кеңінен  тоқталған.  Осы  кітапта «Аполлон»  айға  қонған  кезінде  түсірген  суреттерде,  айдың   кейбір  тұсынан түрлі нысандардың   орындары  көрініс  тапқан. Тіпті   күмбез  секілді  салынған    ғимараттың   кескіні  суреттерде  ерекше   көрінеді. Бірақ  бұлардың  бәрі  қиранды  болса  керек. Осы  суреттерге  қарап-ақ  кітап  авторлары  «бір  замандарда  айда  тіршілік  иелері  болған»  деген болжам  жасайды.  Алайда сол  түсірілген  суреттер қасақаны жойылған. Неге? Белгісіз. Дегенмен  кітап авторларының  бірі,  НАСА-ның  бұрынғы  қызметкері Кен  Джонстон осы  суреттерді  зерттеумен   айналысқанын  айтқан. Алайда  басшылық    ондаған  мың  суреттерді  жойып  жіберу  жөнінде  жарлық  берген. Бірақ  Джонстон   суреттердің  біразын  құртпай  өзіне  сақтап  қалып,  кейіннен Оклахом  университетіне тапсырған.  Осы  суреттерден    шындығында  айдың бетінде  бір  замандарда  тіршілік  иелері  өмірі  сүргенін  айшықтайтын   белгілерді  анық   көруге  болады.  Мұның  бәрі  қаншалықты  шындыққа жақын  екені  белгісіз.  Бірақ қолда  бар деректер осылай  дейді.

Сейсен  ӘМІРБЕКҰЛЫ