Адамзат айға тәуелді!

Қазақ  халқы  Айдың  тылсым  сырын  ерте  кезде-ақ  білген. Содан  болар,  аспан  денесіне  байланысты  түрлі  наным-сенім,  ырым  көп. Неге өзге  ғаламшарға    байланысты  емес? Себеп  көп  сияқты. Сүйтсек, Айдың біз білмейтін  құпиясы  жеткілікті екен…

Қазақта  «ай  көрдім, аман  көрдім»  деген  сөз бар. Айға сәлем беру ғұрпы туралы Ш.Уәлиханов еңбегінде: «Ертеде қазақтар жаңа туған Айға тізерлеп отырып, үш рет еңкейіп мінәжат етеді. Жаздыгүні болса, сол тізе бүккен жерінің шөбін жұлып, отқа тастайды», – деп жазды.

Ғұрыптың мәні – әулетім оттай қаулап өсе берсін, пәле-жаладан  аман болайық дегенді білдіреді. Сондай-ақ, айға қарап тілек тілеп, бет сипайды: «Ай көрдім, аман көрдім, Бұрынғыдай заман көрдім, Жаңа Айда жарылқа, Ескі Айда есірке! Тірілерге жиған бер, Өлілерге иман бер, Аллаһу акбар!» немесе: «Аман көрдім, Ай көрдім, Жұлдызым жоғары болсын!», – деп Айға қарап, арман-аңсарының орындалуын тілейді. Жаңа ай туғанда: «Туған айдай қылып жарылқа, Шыққан күндей қылып жарылқа. Басты аман, бауырды бүтін қыл, Отыңа оралтпа, суыңа сүрінтпе», – деп  жатады.

Ежелгі түсінік бойынша, ай фазаларының өзгерісі тіршілік дүниесіне әсер еткен. Айталық, толған Айдың сәулесі басы ауыратын, сақинасы бар адамдарға әсер етеді деп сенген. «Ай толған кезде адамға қауіпті әсері болады» деген наным-сенімге байланысты көптеген ырым қалыптасты: жалаңбас далаға шығуға, сыртта ұйықтауға, Айға ұзақ қарауға, жас нәрестенің бетіне Ай сәулесін түсіруге, айға  қарап  саусақ шошайтуға, айға  қарап  дәрет  сыдыруға  болмайды деген сияқты. Кейде  қазақ сұлу қыздарды ай  дидарлы, айдай  толықсыған  деп  жатады.

Жалпы  қазақта    ғана  емес,  әлем  халықтарында  айға  байланысты  айтылатын   әңгіме  жеткілікті. Неге? Ай  – жерге  ең  жақын  жатқан ғаламшар. Екіншіден,   айда  тіршілік  жоқ,  бос  жатқан айтақыр  әлем  десек  те,  айдың  жерге   әсері  өзге  ғаламшарларға  қарағанда  өте  үлкен екен.  Халық  соны  білсек  керек-ті. Рас, Жерден  384  мың  шақырымда орналасқан   Айдың  біз  білмейтін құпиясы  тым  көп. Енді  шамамыз  келгенше  соны  таратып айтып  көрелік.                                                                                                                                    Ай – Жердің   айнымас серігі һәм Күн  жүйесіне  енетін аспан  денелеріндегі  адам  табаны  тиген   жалғыз   ғаламшар. Ай  аспан  әлемін  зертеген ғалымдардың  үнемі  назарында. Тіпті  жер  серіктері   арқылы   да  оны  зерттеу жылдан  жылға  артып  келеді. Бірақ соңғы  елу  жылда  айға  байланысты   білгеніміз   біршама  артқанымен,  білмейтініміз  одан  көп, қайта айдың құпиясы  тым  көбейіп  кеткен секілді.  Сонау «Аполлон»  жобасы   іске  асып,  ай  бетіне  адам барып  қайтқан  соң,  неге екені  қайдам,  ол  жаққа   екінші  мәрте   адам  қадам  баспады.  Не  себеп? Белгісіз. Әлде   бір  нәрсе  бөгет  болды  ма? Көк төсін  сүзіп, қарайған  ноқатқа  дейін анықтап,  зерттеп  отырған АҚШ-тың  НАСА  орталығы  да   үнсіз. Неге? Айға  байланысты  қойылар  сұрақ  көп. Соның  бірнешеуі мынадай:

  1. Неге Ай  өз осін  айналғанда  үнемі  жерге бір  қырымен  ғана  көрінеді?
  2. Ай неге  жылына  Жерден 4 см.  алыстайды?
  3. Егер Ай  суық дене болатын  болса,  онда оның  бетінде ірі лава  көлі  қалай пайда  болған?
  4. Неге «ай көлдерінің» 80  пайызы  айдың  көрінбейтін  бетіне  орналасқан?
  5. Ай бетінде  жиі  болып тұратын жарқыл, көлеңке, бұлыңғырлық  немесе  ғажайып  шұғыла неден  пайда  болуда?
  6. Жер серіктері  суретке түсіріп    алған,  Айдың  жоғарғы  бетіндегі  қолдан тұрғызылған секілді  ғимараттарды, мұнаралар  мен  күмбездерді  сондай-ақ пирамидаларды  кім қалаған?
  7. АҚШ ғарышкерлері айдың  бетіндегі  магниттік  белдікті  зерттесін  деп тастап кеткен  апарат   неге ұзақ  жыл  жұмыс  істеп  тұрды. Апараттағы  ток  беру тетігінің  мүмкіндігі  1  жылға  ғана  есептелген  емес пе  еді?   Ұзақ  уақыт энергияны  қайдан алды?
  8. Неге айдан қоңырау үніне  ұқсас  дыбыс шығып  тұрады?
  9. Ай бетіне тұңғыш  рет   қадам  басқан   АҚШ  ғарышкері Нил Армстронг  өзге  өркенеттің  ғарыш  кемесін  көргенін  неге  НАСА  осы  уақытқа шейін  құпия  сақтап  отыр?
  10. НАСА  суртке  түсірген  айдың бетінде  жатқан сигара  секілді  сопақ  белгісіз  ұшу  нысаны  қайда   кетті?
  11. Неге ерте заман  жылнамаларында  немесе карталарында   өзге  ғаламшарлар   белгіленсе  де,  Ай  көрсетілмеген?
  12. Неге ықылым заманнан  жеткен   аңыздарда  13  мың  жыл  бұрын болған  топан судан  кейін  ғана  Ай  пайда  болды деген  айтылады?                                                                                                                                                      Иә, Айға  байланысты  сұрақ  көп.  Бірақ  нақты жауап  аз.  Осыдан-ақ  біз  айды жетік зерттей  алмағанымыз  көрініп  қалады. НАСА  көкке  аттандырған «Клементина»  атты  ғарышты  зерттеуші  зонд жерге керемет  сурет жіберді. Таң қалғаннан  ғалымдар шалқасынан  түсе жаздады.  Не  дейсіз  ғой, Ай  бетіндегі кратерлердің  түбінде қатып  қалған  су, тоң  мұз  жатыр! Бұл  қайдан  пайда  болған?

Айдағы  тәулік  Жерге  қарағанда  28  есе ұзағырақ. Оның  үстіне үнемі  күннің өтінде  тұрады. Ай  бетінің  ыстығы 122  градусқа  дейін  жетеді. Сонда су  қайдан  келді? Ғалымдардың  басы қатуда. Бұл  ғалымдар таба  алмай  отырған бір  ғана  жұмбақ,  бұдан  өзгелері  қанша ма?  Басқа ғаламшарларға  қарағанда айдың  жерге  әсері  орасан  зор. Бұны  қалай  түсінуге  болады? Бір  сәт  көз  алдыңызға  елестетіп  көріңізші, қатты  дауылдан қираған  үй, құлаған  тал-терек, қаңбақша  ұшқан  адамдар әйтеуір   астан-кестен  болып,  сапырылысқан   дүние.  Қорқынышты  ма?  Әрине. Мұндай  табиғи  апаттан  ешкім  қорған  бола  алмасы  хақ.  Осындай  апаттар жер  бетінде  болып  тұра  ма,  иә. Оның  ошағы  не? Білмейсіз  ғой. Ол  – Ай.   Көк  жүзінде  бейкүнә, пәк  қалпында  жүзіп  жүрген Айдан адамзатқа  төнер  қауіп   зор  көрінеді. Тіпті  адамзаттың  болашағына  да осы  ай,  күндердің  күндері  нүкте  қоюы  мүмкін екен. Сенбейсіз  бе?

Айдың  жер  бетіндегі  барлық  тіршілік  иелеріне,  соның  ішінде адам  баласына  әсері  керемет. Бұл әмбеге  аян. Бірақ сонда  да  біз   көк  жүзінде  қалқыған кішкентай,  иесіз  ғаламшарды Жерді  құр  айналғаннан  басқа бітірер шаруасы  жоқ  деп  ұғамыз. Бірақ  бәрі  керісінше  емес пе? Бізге  үлкен  қауіп  сол  жақтан екенін  әлі  сезіне  де, ұғына  да  қойған  жоқпыз.

Ай  жерден 384 мың  шақырым  қашықта. Жерден  көлемі  төрт есе  кіші. Бірақ  тартылыс  күші  жермен бірдей. Демек  ол  бізді,  біз  оны  айналып  жүрміз  деуге  болады.  Содан болар,  Жер бетіндегі    мұхит суларының   шалқуы  мен  қайтуы  айдың тартылысына  байланысты.  Жалпы  су  емес  айдың  тартылыс    күші  жердегі  барлық  дүниеге  үлкен  әсер етеді.  Сондай-ақ, Ай жердің  айналысын  тежеуге  де «күш»  салады екен. Ғалымдардың  есебінше  жер   күніне  0,00164  секундтқа Айдың  әсерінен өз қозғалысын  баяулатады. Бұл  үдеріс миллиондаған  жылдардан  бері  созылып  келеді. Егер де  Ай  Жердің    өз  осін айналуына  байланысты «тежегішін»  басып  қалса, ақырзаман  орнады  дей беріңіз.

Тағы да  көз  алдыңызға  елестетіп  көріңізші,    адам  лық  толы  автобус   қатты   келе  жатып,  оқыстан жүргізуші   тежегішті  басып  қалса,  іштегі  адамдарға  не  болады? Бірінің   үстіне  бірі  құлаған  адамдар,  айқай-шу,  жарақат  алғандар… Жерде  сондай  күйге  ұшырамақ. Бүкіл дүние  төңкеріліп  түспек. Мұхит  суы,  топан  суға  айналып  жер  шарын  шайып  кетер еді…

Ай  сондай-ақ  үлкен  тылсым  күшке  ие. Барлық  көріпкелдер,  емшілер өздерінің ем-домдарын, болжағыш  қасиеттерін   айға байланыстырып айтып  жатады.  Біз  керемет  жырға қосып,  түрлі  теңеу  айтып  жүрген  Ай  сәулесі керемет «вампирлік»  күшке  ие. Адамның  барлық  күш  қуатын сорып алуға тырысатын көрінеді. Содан  болар,  өзге  жұртты  қайдам,  қазақ  халқы ұйықтағанда  «бетіңе  ай  сәулесі  түсіп  қалмасын,  ай жарығында  көп  жүрме»  деп жатады.  Мұның  астарында  үлкен  мән  жатыр. Айдың  сәулесі  сау адамды ауру  жанға айналдыруға,  тіпті  өлтіріп жіберуге  де күші  жетеді екен. Үлкендердің Ай толған  түнде   далада көп  жүруге  болмайды  деп  жататыны сондықтан. Көптеген эзотериялық  бағыттағы  ғалымдар Күн  жүйесіндегі   тіршілік  иесі  пайда  болатын  екінші   ғаламшар  ретінде айды  санайды.   Сол  себепті ай  бойына  керекті  энергияны  көптеп  жинап жатыр-мыс.

Айдың  адамдарға  тағы  бір  кері   әсері  ол – сомнамбулизм,  яғни  Ай кезбелік  ауруы. Мұның  сырын  әлі  ғылым  шеше алған  жоқ. Адамдардың  көбі толған Ай  кезінде  өзін  жаман  сезінеді, көңіл-күй  бұзылады,    сәл нәрсеге тырысып  жатады. Неге? Мұхиттардың  көтерілуі  мен  қайтуын айға  қарап білдік.  Адам организмінің  80  пайызы  судан тұрады деп  есептесек, онда  айдың  әсері  болатынын     арнайы зерттеусіз-ақ  білуге  болатындай.

Ай  құпияға  толы  ғаламшар. Бұдан біраз  бұрын, ай  бетінде  көне өркениет   болғаны  жөнінде НАСА түсіріп алған  суреттер  әлемді    шулатқан. Онда Ай  бетінде өте  қатты  дамыған  өркениет  қалдырған нысандар, қалалардың  орны, тас  қамалдардың қалдығы  секілді көріністер  бейнеленген. Бірақ НАСА   тағы да бар  құпияны  жасырып,  үнсіздік  танытуда. Қалай  айтсақ та,  қалай  зерттесек  те,  ай  адам  баласы  үшін  әлі  де жұмбақ  болып  қалуда.

 

Таза Ел  кз