Катынь қасіреті

2010 жыл, Сәуір айы.

10 сәуір күні Мәскеу уақыты бойынша күндізгі сағат 11-де Ресейдің Смоленск қаласының түбінде аса қайғылыоқиға болды. Варшавадан ұшып шығып, Смоленскқаласына қонуға тиіс болған Ту-154 ұшағы «Солтүстік» деп аталатын әскери әуежайға қона бергенде жерге соғылып тас-талқаны шықты. Ұшақтағы 96 адам түгелімен қазатапты. Ұшақта Польша президенті мен оның зайыбы және 86 билік басында отырған адамдар бар еді. ОсылайшаПольша билігі бассыз қалды.

Польша президенті қайғылы қазаға ұшыраған«Солтүстік» әуежайына тоқталайық. «Солтүстік» әскериәуежайы 1946 жылы салынған. Ол жерде 2009 жылға дейінРесей авиаполктары тұрды. Енді құлаған ұшақ жайындабір-екі ауыз. Ту-154 ұшағы 1968 жылдан бастап ұшабастаған. Өткен жылдан бастап Ресей ол ұшақты шығарудытоқтатқан. Ұшақтың шыққаннан бергі 40 жылдық тарихыналып қарайтын болсақ, кешеге дейін ТУ-154 ұшағы 66 рет апатқа ұшыраған екен. Ең үлкен апат 1985 жылы 10 шілдекүні Үшқұдық қаласының маңында болған. Онда борттаболған 200 адам түгелімен қаза тапқан-ды. Енді Польшаұшағында қаза тапқандарға келсек, ресми деректер ұшақта96 адам болғанын мәлімдеді. Оның 88-і поляк билігініңбасшылары, қалғандары экипаж мүшелері . Олар Польшапрезиденті Лех Качиньский, оның әйелі Мария Качиньская, Ұлттық банк төрағасы Славомир Скшыпек, экс-қорғанысминистр, Польша президентіне кандидат Ежи Шмайдзиньский т.б. Әсіресе Польша әскерінің жоғары билігі түгелімен қаза тапты. Атап айтар болсақ, Бас штаббасшысы Франчишек Гонгор, Теңіз флоты басшысы АнжейКарвета, Әуе күштері басшысы Анжей Бласик, арнаулы күштер бөлімінің қолбасшысы Влодзимек Потасиньскийжәне жедел-қимыл бөлімдері басқармасының басшысыБронисла Квятковский. Неге екені қайдам, 2008 жылы 23қаңтарда Польша әскери-тасымал ұшағы апатқа ұшырап, бүкіл әскери басшылар қаза тапқан. Содан кейін бір ұшаққабарлық басшылар отыруға тыйым салынған. Бұл жолытүлен түртті ме, кім білсін, президенттен бастап бәрі бірұшаққа жапа-тармағай мініп алған. Оның соңы...

Жалпы ұшақтардың апатқа ұшырау тарихына көзжіберер болсақ, Смоленск түбіндегі апат, бұрын-соңдыболмаған еріксіз назар аударуға апаттардың қатарынажатпақ. Неге десең, бұл жерде алғаш рет мемлекет басшысымен бірге өте көп мемлекет қайраткерлері қазатауып отыр. Бұлардың бәрі Смоленск түбіндегі Катыньелдімекенінде өтетін 1940 жылы НКВД-ның қолымен атылған поляк офицерлерін еске-алу азалы шарасына баражатқандар еді. Жалпы тарихта «Катынь трагедиясы» дегенатпен белгілі болған трагедияға поляктар неге сонша мәнбереді? Поляктар үшін ол елдімекен несімен қасиетті? Енді бүгінгі күннің әңгімесін тоқтата тұрып, өткен тарихқашегініс жасайық?

1940 жыл. Сәуір айы.

Әңгіменің әлқиссасы 1939 жылдан бастау алады. Солжылы 22 тамызда КСРО мен Германия Сыртқы Істерминистрлері Вячеслав Молотов пен Иоахим фонРиббентроп бір-біріне шабуыл жасамау жөніндегі пактігеқол қойды. Осы тарихи құжатқа қосымша 90- жылға дейінқұпиялылығын сақтап келген тағы бір құжатқа да мөр басылған еді. Ол – екі алпауыт ел Польшаны бөлшеккесалу жөніндегі құжат болатын. Осы құпия құжатты беткеұстаған Германия 1939 жылдың 1 қыркүйегінде Польшағабасып кірді. Ал 19 қыркүйекте шекараның түбінде тұрыпжатқан «беларустар мен укариндықтардың қауіпсіздігінқамтамасыз етеміз» деген жалған ұранмен КСРО-ның 4500танк, 4000 ұшақ, 6000 зеңбірегі бар 700 мыңдық әскеріПольшаға тап берді. Осылайша поляктар немістер менқызыл коммунистер соққысының астында қалды. Бөлшектенді. Бір айдың ішінде поляк қорғаныс күштерінтас-талқан еткен «жеңімпаз» екі елдің әскері Гордно және Бресть қаласында біріккен жеңіс шеруін өткізді. Солсоғыста Қызыл Армия 240 мың поляк жауынгерлерінтұтқынға алды. Бірақ артынша (Германияға берген 40адамды қоспағанда) қатардағы сарбаздар мен унтер-офицерлерді босатып жіберді. Ал Кеңес түрмесінде қалған ірі шенді ондаған мың поляк офицерлері былайша бөлінді.Тізбеге қараңыз:

Шен-шекпені, қызметі

Орналасқан жерлері

Саны

Офицерлік құрам

4 000 адам.

Офицерлік құрам

Козельский қаласы

5 000 адам.

Жандарм, полицейлер және өзгелері

4 700 адам

Қатардағы жауынгерлер

18 000 адам.

Қатардағы жауынгерлер

10 000 көлемінде

Барлығы

 

41 700 адамшамасында

 

Бірақ осыншама көп әскери тұтқындарды ұстап тұру Кеңеселіне тиімсіз болды. Оларды ату жөніндегі жоспар қаңтарайында дайындалып қойылған еді. Ал наурыз айындаоларды түгел ату үшін арнайы орындарға жеткізді. Атап айтсақ, Украина түрмесінде жатқандарды Киев, Харьковжәне Херсонға, ал беларус жерінде түрмеде жатқандарды Минскіге айдады. Сондай-ақ Осташков лагеріндежатқандарды ату үшін Калинин маңындағы Медноеелдімекені және Смоленкс түбіндегі Катынь елдімекенімаңайындағы ормандардың ішінен үлкен шұқырларқазылды. 1940 жылдың сәуір айының басынан бастапмамырдың ортасына дейін 22 мың адам атылды. Соныңішінде Катынь елдімекені маңында 4 мыңнан астам жоғары шенді поляк офицерлері құрбан болды. Тізбеге қараңыз;

Катынь орманында (Смоленск облысы)

04 421

Старобельск лагері Харьков маңы

03 820

Осташковск лагері (Калинин облысы)

06 311

Батыс Украина мен батыс Беларуссияның басқада лагерь түрмелерінде

07 305

барлығы

21 857

 

Поляктарды немістердің 7,65 милиметрлік «Вальтер»деп аталатын тапаншасымен жеке бөлмеге кіргізіп,желкеден атып, түн ішінде жабық машинаға салып, арнайықазылған шұқырға көміп отырған. Ал неміс тапаншасымен атуының себебі, алда-жалда қылмыстары ашыла қалса,оларды «немістер атты» деп бар пәлені өзгеге аудара салуқулығы жатты. Және дәл сол кезде немістер поляктардыңүш мың интеллигенциясын тұтқынға алып, ату жазасына кескен еді. Осылайша 1940 жылы сәуір айында поляк ұлты барлық бетке ұстар басшы азаматтарынан айырылыпқалған болатын. Дегенмен КСРО жасаған қылмыс 1943 жылы ашылып қалды. Смоленскіні басып алған немістержергілікті тұрғындардың көрсетуімен орман ішінде топтапкөміп тастаған поляк офицерлерінің шұқырын тауып алып,зерттеу жүргізді. Сараптау жұмысына немістер полякдәрігерлерін, журналистерді, тұтқынға түскен АҚШ,Канада, Ұлыбритания және өзге де бейтарап елдердің сарапшыларын шақырды. Ақыры комиссия мүшелері оқиға 1940 жылы болған, сол кезде НКВД-ның қолымен 4500адам атылған деген шешімге келді. «Катынь» трагедиясыосылай белгілі болған еді. Бірақ оны КСРО мойындамады. 1943 жылдың күзінде Смоленскіні фашистерден азат еткенҚызыл Армия ол жерге «Бұл Катынь орманында 1941 жылдың күзінде немістер тұтқынға түскен 11 мың полякжәне қызыл әскерлерді атқан. Қызыл Армия жауынгерлері солар үшін қалайда кек алады» деген жазу жазыпқалдырған. 1944 жылы академик Николай Бурденконыңжетекшілігімен Катыньда тағы да кеңес елі сараптаужұмысын жүргізді. Және әлем жұртшылығын алдау үшінол жерде жатқан құрбандарды «немістер атқан» деген қорытынды жасады. Дегенмен бар шындық 1990 жылы ашылды. Осы кезге дейін бар ақиқатты жасырып келгенКСРО поляк жағының үнемі нақты дәлелдерінен тайсақтап,құпия құжаттардың көшірмесін 1990 жылдың 13 сәуірі күніКСРО президенті М.С. Горбачев Польша президентіВ.Ярузельскийге берді. Ақиқат солай ашылды. Бірақ КСРОайыптан тайқып, «бұл НКВД-ның, соның ішінде Берия мен Меркуловтың қолымен жасалған қылмыс» деп мәлімдеді. Бірақ, қалай дегенмен де Берия да, Меркуловта КСРО-ныңбилік басында болған адамдар. Демек, қылмысты жасағанКСРО болып тұр емес пе. Кейіннен ол жерде құрбан болған поляк офицерлерін еске түсіретін арнайы ескерткіш кешенашылды. Осы оқиғаға байланысты поляктар үнемі КСРО-ны, кейіннен Ресейді айыптап келді. Екі елдің қарым-қатынасына үнемі осы оқиға кері әсерін тигізіп отырды. Ал10 сәуір күні құлаған ұшақтағылар осы жерде өткізілетінеске алу азалы шарасына келе жатқандар еді. Катынь қасіреті 70 жылдан соң тағы да қайталанды. 1940 жылдыңсәуір айында осы Катынь елдімекенінде поляктар жоғарғышенді барлық әскери басшыларынан айрылса, араға тура 70 жыл салып, яғни 2010 жылдың сәуірінде тағы да солКатынь елдімекені маңында Польша бүкіл мемлекет басшыларынан айрылып қалды. Бұл кездейсоқтық па,әлде…

Польшаның марқұм президенті Лех Качиньский 1949жылы 18 маусымда Варшавада дүниеге келген. 13 жасында егіздің сыңары Ярослав екеуі «Айды ұрлағанекеу» атты фильмге түскен. Варшава университетінің заң факултетінде оқыған. 1990 жылы осыуниверститетінң профессоры атанды. Түрлі қоғамдықжұмыстарға араласты. Антикоммунистік бағыттағыкөзқараста болды. 8 ай түрмеге де отырып шықты. 2001 жылы егізі екеуі «Құқық және әділет» партиясынқұрды. 2005 жылы президент сайлауына түсіп, Польша билігін қолына алды. Лех Качиньский Полякхалқының ерекше президенті болды. Ол өз ұлтын сүйді. Ұлты үшін көп қызмет етті. Еуроатланттық көзқарасұстанды.

 

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ