Періштелер неге көзге көрінбейді?

Халқымыз жаны таза адамды «періште» депжатады… Сондай-ақ, оқыс жағдайдан аман қалғанды «періштесі қақты» деп де әспеттейді… Сонда бұл неөзі? Періште бар ма? Әлде жай ғана теңеу ме? Барболса неге көзге көрінбейді? Егер де Құран мен Хадистерге үңілер болсақ, «періштелер нұрдан жаратылған, сондықтан көзге көрінбейді, қолғаұсталмайды» дегенді оқуға болады. Періштелер нұрдан жаратылған, сондықтан олардың жаратылыстарында нұр басты рөл ойнайды. Періште ұғымы («мәләийка» сөзі) «пайғамбарлық, елшілік, өкілдік, ұлы істердің қалаушысы» және «заңғар биіктіктен түсу» деген мағыналарды білдіреді. Діни терминологияда «періште» сөзі («мәләк») макроәлем мен микро әлем арасында байланыс құратын, елшілік қызмет атқаратын, хабар жеткізетін, жақсылыққа итермелейтін ниетті ізгілікке бұратын өте киелі елшілер тобына айтылады. Олар ғайып әлемге құлақ асады әрі көбіне сол әлемнің қызметінде жүреді, екі дүниеде де жүріп жатқан Аллаһ тағаланың құдіретті істерін ұлықтайды. Періштелер ер-әйел болып бөлінбейді, өйткені оларда жыныс деген ұғым жоқ. Олар ашуланбайды, кек сақтамайды, қызғанбайды, яғни жалпы алғанда, олардың жаратылыстарында оғаш мінез-құлық болмайды. Олар адамдар мен жындарда кездесетін кемшіліктер мен нұқсандықтардан да пәк. Періштелер ішіп-жемейді, ашықпайды, шөлдемейді, шаршау дегенді білмейді. Істері үшін ақы-сый талап етпейді, керісінше Аллаһ тағаланың разылығы үшін жасаған амалдарынан жағымды әсер алады, рахат табады. Оларда лауазымға ие болу, жоғарылау деген ұғым жоқ, тек Аллаһ тағалаға жасаған құлшылықтарынан дәрежелеріне қарай ләззат алады.

Нұрдан жаратылғаны үшін, азықтары да нұр. Әрбір иманды кісіні қорғап жүретін 360 періште бар. Бұлар, әсіресе, қариялар мен сәбилерді қорғайды. Періштелер аспан әлемінде өмір сүреді. Жерге тек Алланың әмірімен түседі. Періштелер адамзатқа екі дүниеде: бұл дүние, ақиретте және рухани әлемде бірдей қызмет атқарады. Бұ дүниедегі қызметі –жаңбыр жаудыру, жел тұрғызу, апат, аурулардан қорғау, мұсылмандар құлшылығына, істеген жақсылықтарына куә болу, оларды амал кітабына жазу, мұсылмандарға, ғылым үйренушілерге дұға тілеу, жан алу. Ақиреттегі істері – жан бергеннен сауал алу, жәннат не тозаққа кіргізу, сүр үрлеу, тозақ қақпаларын күзету, жәннатқа кіргендерге қызмет қылу, амал кітабындағы істерге куә болу, момындардың қателіктері мен күнәларына кешірімтілеу. Рухани әлемдегі қызметі Алланың мейірім шапағатын көрсету, Аллаға жасаған ғибадаттың нұры мен дін шындығын жүрекке жеткізу, пайғамбарларға Алладан уахи, аманат жеткізу, жақсылыққа итермелеу, жалғаннан шындыққа қарай тарту, адамның Аллаға деген махаббатын ояту, иманды күшейту, адамға рухани қуат беру. Ислам дінінде Періштеге сену — иман шарттарының бірі.Діни жазбаларға үңілсең осыларды оқуға болады.Демек он сегіз мың ғаламның бір пұшпағында періштелер өмір сүріп жатыр деуге болады. Соңғыкезде осы періштелерді «көзбен көріпті» дегенқауесеттер жиі айтыла бастады. Ол әсіресе, жеті қатжерді артқа тастап, түпсіз, тұңғиық көкке самғаған ғарышкерлердің естелік жазбаларында жиі кездеседі. Енді соған келейік. Елсіз мекен, атмосфераның жоғарғы қабатына көтерілген ғарышкерлерперіштелермен жиі жолығысып қалатын көрінеді.Мәселен Гагарин.

1961 жылы Юрий Гагариннің ұшу сапарыныңәрбір минуты таспаға түсірілді. Не айтқанын бүгіндетыңдауға болады…Дегенмен Гагарин бірнеше мәртемүдіріп, үнсіз қалған көрінеді. «Не болады, жауапбер» деген жердегілердің сөзі де елеусіз қалыпты… Бірақ Кеңес елінің билігі мұны жұрттан жасырды. «Бәрі сәтті өтті. Ешқандай оқыс оқиға тіркелгенжоқ» деп хабарлады. Рас солай болды ма? Жоқ!Сексенінші жылдардың соңы, тоқсаныншы жылдардың басында КСРО КГБ мұрағатында жатқанжабық дүниелердің беті біртіндеп ашыла бастағаныбелгілі. Соның бірі ғарышкерлердің көктеперіштелермен кездесіп қалғаны. Мәселен,Гагариннің ғарышта періштені көргені жайында. Бұл ұзақ жылдар бойы өте құпия сақталып келді… Жергеқонған соң ғарышкерлер міндетті түрде психотерапиялық зертеуден өтететіні мәлім. Сондайбір кезекті өтуде Гагаринге ғарышта өткізген кездіесіне алатындай гипноз жасалған… Мәселе, көккекөтерілген ол неге бірнеше мәрте жердегілердіңсұрағына жауап бермей үнсіз қалды деген түйінніңсырын ашу еді. Гипноздың әсеріне енген Гагаринкенет сөйлеп берген… Сөйтсе, ол өзі отырған ұшукорабльінің ішінен адамның қарқошқыл бетінкөрген. Басы да емес, денесі де емес, беті… Бет-бейне ғарышкерге телміре біраз уақыт қараптұрыпты… Кенет ғарышкердің құлағына әлде не «сенқорықпа, аман-есен жерге ораласын… бәрі жақыболады… тек кейін…» деген анық айтылған сөз естілген. «Тек кейін…» Гагарин одан арғысын есінетүсіре алмаған. Періште не айтпақ болды, неденсақтандырмақ болды белгісіз…

Міне, осы мәселе КСРО құлағанша құпиясақталып келді. Бәлкім Юрий Гагаринды «жатпланеталықтар ұралап кетті» деген қауесет осыданшыққан болар. Десек те періште Гагаринге не айтпақболды? Бұл енді ешкім білмейтін құпия болып қалабермек. Дәл осындай жағдай 1985 жылы «Салют-7» ғарыш кемесімен ұшқан үш ғарышкердің басынанөткен. Алайда басшылық болған жайды ешкімгетаратпау жөнінде арнайы бұйрық берген көрінеді. Құпия қатаң сақталған. Өйткені атеистік бағыттыұстанған коммунистік жүйе көкте періштелер өмірсүреді деп халыққа жария етуден өлердей қорыққан. Дегенмен араға жылдар салып осы ғарыш кемесініңұшқыштары Соловьев, Атьков және Кизим ұшусапарының 155 күні не болғанын баспасөзге айтыпберген. Оқиға былай өрбісе керек. Сапардың 155күні кенеттен ұшу кабинасының іші алқызыл сәулегетолып жүре берген. Басында ғарышкерлер біржерден өрт шықты екен деп дүрлігісіп қалған. Бірақондай ештеңе жоқ. Жарықтың қуатты болғаны сонша ғарышкерлер беттерін көлегейлеп, бір сәтке көздерін жұмған. Сәлден кейін, бәрі иллюминаторғаұмтылады. Сонда көргендері… жалқын сәулеге малынған көктен олар арқаларында көзге шалынар-шалынбас қанаттары бар, адамның басы менденесіне ұқсас жеті бейнені байқаған… Әринеғарышқа жүйкесі сыр берген, әлсіз жандардыжібермейді. Олар өте ұзақ дайындықтан өтетінібелгілі. Демек олардың ақыл-есі дұрыс, сау болған.Онда олардың көргендер де, айтқандары даешқандай сенсациялық дүние емес… шындық. Періштелер кем дегенде он минуттай ғарыш кемесімен бірге ұшып отырған. Тіпті олардыңбеттерінен риясыз күлкіні де көрген. Адамбаласының күлкісіне мүлде ұқсамайтын пәк, мөлдіржымиыс… Біраздан соң олар кенеттен жоқ болған.Өздерімен бірге жалқын сәуле де жоғалған. Естерін жиған соң, ғарышкерлер жердегі басқаруорталығына болған жайды хабарлаған. Жер болғаноқиғаны қаз-қалпында айтып беруді бұйырған… Артынша бұл мәселе жөнінде жерге келген соң, тіс жаруға болмайтынын ескерткен. Әйтпесе… Жергеоралған ғарышкерлерді дәрігерлер қатаң тексеругеалып, түрлі тестер тапсыртқан. Бәрінің ақыл-есідұрыс. Қортындысы ғарышкерлер шаршаған соң,галлюцинацияға ұшыраған, содан елестер көргендеген қортынды шығарылған. Бұлар жергеоралысымен көкке көтерілген тағы бір ғарышкерлертобы періштелерге жолығып қалыпты. ОларЖанібеков, Волк және Савицкая болатын. Тағы даалқызыл жарық пайда болып, арқасында қанаты барперіштелер жарыса ұшып отырған… Бір емес алтығарышкер періштелер жөнінде айтқан соң, жердегілер көкте сондай бір құдірет иесі барына сенебастаған. Бірақ оны халықтан қолдан келгеншежасырып ұстауға тырысты. Көктегі періштелерді текғарышкерлер ғана емес, азаматтық ұшақпен ұшқанжолаушыларда байқаған. Әлемнің әр қиырынаносындай әңгіме айтқандар көп. Бірінікі қиялға, екіншісінікі шындыққа жақын. Басқа, басқа ғарышәлемін зерттейтін америкалық атақты «Хаббл»апараты көктен белгісіз жеті денені суретке түсіріпалған. Ғалымдар алғашында бұл армаданы сырыбеймәлім ұшатын ғарыш денелері деп санаған.Артынан суреттерді нақтылай келе ешқандай жатжұрттық зымырандар емес, арқаларында қанаты бар,адамға ұқсас тіршілік иелері, яғни періштелер болуымүмкін деген жорамалға келген. Олардың ұзындығыжиырма метрдей, өте жарық сәуеле шығаратын, арқаларындағы қанаттары ең ірі аэробустардыңқанаттарындай ұзын екенін анықтаған. Бір қызығыперіштелер суретке түсуге талпынғандай әрекетжасаған көрінеді…

Жалпы көкте періштелерді кезіктірген тек Кеңеселінің ғарышкерлері ғана емес, АҚШ-тың«Шаттлмен» ұшқан ғарышкерлері де жиі кездесіпқалып отырған. Бірақ КСРО да, АҚШ та мұның бәрінхалықтан жасырып, құпия ұстауға тырысқан. Неге?Белгісіз. Алайда жер бетінде ақырзаманжақындағанда періштелер көзге көріне бастайды демей ме? Кім білсін, жұмыр жердің ондағы саналытіршілік иесінің дәм-тұзы қашан таусыларын…

tazael.kz