Қайдасың, Атлантида?!.

Біздің дәуірімізден ондаған мың жыл бұрын өмір сүрген, ғажайып өркениетке қол жеткізген Атлант жұрты жайлы қауесет әлі күнге тоқтаған жоқ. Тіпті толықтай сыры ашылмай ол тақырыпқа нүкте қойылуы да мүмкін емес. Ғылым мен білімнің, мәдениеттің ордасы – алтын бесігі болған, медицина саласында адам айтса нағыз жетістектерге қол жеткізген Атлант елі қайдан шықты? Қайда кетті? Жер жұтты ма, әлде көкке ұшып кетті ме? Әңгімені арғы дүниеден қозғайтын болсақ, Атлантида жөнінде ең бірінші айтқан, біздің дәуірімізге дейінгі ІVғасырда өмір сүрген грек философы Платон еді. Кім білсін, ол данышпанда «жер бетінде сондай ғұламалыққа қолжеткізген ел өмір сүрді» дегенді ойдан шығарды ма екен? Әлде «Адамзат сондай дәрежеге қол жеткізсе» деген арманынан туды ма? Әйтеуір белгісіз.

Міне, содан бері қанша ғасыр өтті. Атлант жұртын іздеп,дүние кезгендер, ескі қолжазбаларды ақтарғандар қаншама? Тіпті «ғажайып ел қай жерде өмір сүрді, қайда кетті?»деген мәселемен алпауыт мемлекеттер де айналысты,арнайы экспедициялар шығарды. Сырын білмекке,құпиясын ашпаққа ұмтылды. Бірақ «жұмбақ дүниеніңсаңылауына көз салдық, ұшын таптық» деген ешкім жоқ. Әдемі, қияли әңгіме сол аңыз түрінде қалды. Дегенмен «Атлант жұрты Атлант мұхитының орнында болған.Кейінен табиғаттың апатынан мұхит түбіне кеткен» деген жорамал да көп. «Атлантида Бермуд үштағанының астында» дейтіндер де бар. Олар осыған байланысты түрлі уәжді алға тартады. «Колумб Американы ашты. Оның қолында осы Жаңа Әлемге баратын жолдың картасы болды. Картада жер шарын соңғы рет топан су басқанға дейінгі құрлықтардың орналасқаны кескінделген еді.Колумб картаны қайдан алды?» десе, бәз бірі «Б.д. 1700 жылы Түркияда өте ескі заманнан қалған карта табылды.Ол карта түрік адмиралы Пири Рейске тиселі болған. Ең қызығы, картада жердің кіндігі белгіленген. Бірақ онда әлі Антарктида мен Греландияны толықтай мұз қабаты баспағаны анық көрсетілген. Тіпті осы аймақтар арқылы өтетін теңіз жолдары да сызылған. Ерекше назар аударатын нәрсе, сол картаның бүгінгі күні жердің жасанды серігі арқылы түсірілген суретке өте ұқсауы. Сонда ол кездегі өркениет көкке ұшуға қол жеткізген бе?» дейді. Осыны айта келе ғалымдар «бұл жер бетінің карталарын жасағандар кезінде аса жоғары өркениетке қол жеткізген халық. ОлАтлантида елі болуы мүмкін» дегенді келтіреді. Кім білсін? Атлантида жайлы аңыз көп. Оның бәрін тәмпіштеп айту мүмкін емес. Дегенмен, біз соңғы кезде ғылым жасаған жорамалдардың бір-екеуін оқырманға ұсына кеткенді жөн көрдік. Соның бірі Антарктиданың Атлантидамен байланысы. Рас, «Атлантида Атлант мұхитының бір аралдарында болған өркениет»дейтіндердің айтар уәжі басым. Олардың көзір ретінде ұстап отырғаны, Атлант мұхитының атауы мен Атлантиданың ұқсастығы. Бірақ бұл 100 пайыздық кепіл бере алмасы хақ. Бірақ соңғы уақытта зерттеушілер Атлантида Антарктиданың орнында болған дегенді жиі айта бастады. Себеп? Себеп бар. Мәселен, атақты географ Меркатор Оронций Финней адмирал Рейспен бірге жер шарының һәм теңіз жолдарының картасын жасаған. Шындығында, олар 15 мың жыл бұрын жасалып, кездейсоқ табылып, қолдарына түскен көне картадағы сызбаларға қарай отырып, тек оны жаңартып шыққан еді. Картаға сенсек, Антарктида ол кезде мұз жамылып жатпаған. Ол жерде адамдар тіршілік жасап жатқанға ұқсайды. Тіпті АҚШ ғарышты зерттеу орталығы аспаннан түсірген сурттерінде сол жерден ежелгі елді мекен орындары, қолдан қазылған шұңқырлар бейнеленген. Осының өзі-ақАнтарктида кезінде тіршіліктің қайнап жатқан ордасыболғанын айқындап беріп тұрғандай. Бұл жөнінде әлемдікдеңгейдегі палеоклиматологтар Борисенков пен Пасецкийде осындай жорамалды алға тартады. Бұдан 13мың жыл бұрын әлемдік жылымық кезінде Антарктидақоңыржай өлке болған. Ол жерде тіршіліктің оты маздап, адамзат өсіп-өніп, аң-құс мекен еткен. Саналы тіршілікиелері үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, мейманасы тасқанбілімді де іргелі елге айналған. Алайда 12 мың жыл бұрын алып метеорит құлап, әлемдік апат орын алыпты. Соданкейін-ақ жұмыр жердің ауа-райы өзгеріп сала берген. Баяғықоңыржай өлке Антарктиданы мұз басып, ондағы тіршілікатаулы жойылып кеткен. Яғни Атлантида мұзға көміліпқалған. Ал аман қалған аз ғана топ, жылы өлкелерге жол тартып, жүрген жерлерінде жойылып кеткен ғажайыпөркениет жайында әңгіме таратқан.

Ғалымдардың есебінше Атлантиданың жер аумағы қазіргіАнтарктидамен бірдей көрінеді. Тағы бір мысал, Сібірде жүргізілген қазабаларда мамонттардың топтаса өлген қаңқалары кезіккен. Зерттей келе ол жануарлар кенеттенболған суықта қатып қалған көрінеді. Сол секілді Аляскіде де жылы аймақтарда өмір сүретін аң-құстардың қаңқаларыкөптеп кездескен екен. Бүгінгі күнгі заманауитехнологияның көмегімен қаңқаларды зерттегенде, оларкем дегенде 12 мың жыл бұрын өлгендері белгілі болған. Осының бәрі ғалымдарды «бұл аймақтар кезінде жылы ауаағысында жатқан, қоңыржай өлке болды» деп тұжырымжасауына себепші болған. Кім біледі ғалымдар жорамал жасағандай расында Атлантида Антарктиданың орнындаболуы да мүмкін-ау.

Жалпы Антарктида қандай өлке? Осынау мұз жамылған аймақ қойнына қандай құпия жасырып жатыр? Жершарындағы алтыншы құрлық болып есептелетін бұл өлкені 1820 Беллинсгаузен экспедициясы ашқан. Оныңорналасқан жері де ерекше. Атлант, Тынық, Үндімұхиттарында да шығу жолдары бар. Бұл жерде уақыттыңбарлық белдеуі бар. Әлемдегі ең суық мекен. Үнемі қаттыжел мен боранның отаны. Құрылықтың 90 пайызынқалыңдығы 5 шақырым болатын мұз-тоң басып жатыр. Өзге құрлықтардай бұл өлкеде ешқандай жергілікті халықөмір сүрмейді. Ал осы қатігез мекенге байланысты түрлі аңыз көп. Соның бірі жоғарыда айтқан Атлантидаменбайланысты әңгіме. Екінші бір аңыз Гитлердің КСРО-данжеңілген соң, өмірінің соңына яғни 1972 жылға дейін Антарктида да өмір сүргені туралы. Көптеген бұлтартпаснақты деректер Гитлер 1945 жылы сәуірдің соңында өзінжәне нақ сүйері Ева өлтірмегені, ретін тауып өзге жаққақашып кеткені жайында айтады.

Деректерді сөйлетсек: 1938-39 жылдары Үшінші РейхАтарктиданы жедел зерттеуді қолға алған. АнтарктидадағыМод Корольдігі ауданында немістер құпия база тұрғызған. Бір ерекшелігі, 1938 жылдан бастап неміс әскери теңізфлотының кемелері Антарктидағы жиі экспедиция жасаған. Соның арқасында мәңгілік мұз басып жатқан аймақта жерастын жолын тапқан. Ол жердің кереметтігі сол, онынемістер «жұмақ» деп атапты. Жылы ауа ағысы бар, алыпүңгірлердің асты адам өмір сүруіне қолайлы болғандығысонша, Гитлер онда құпия базалар тұрғызуға бұйрықберген. 1942 жылдан бастап сол базаларға сол жердіңболашақ тұрғындары болатын ғалымдар, әр саланыңмықты мамандары, ұлтшыл партияның жетекшілері мен мемлекет басшылары жеткізіле бастады. Базада мыңдағансоғыс тұтқындары жұмыс істеді. Оны соңғы үлгідегіқарумен жабдықталған сүңгур қайықтар, ұшақтар күзетті. Жұмыс өте құпия түрде жүргізілді. Ол жерде ядролықзаряд алып ұшуға мүмкіндігі бар «Фау-5» сияқты (АҚШпен КСРО ядролық заряд алып ұшатын баллистикалықзымырандарды соның үлігісінде жасағаны анық)зымырандар, табақ пішіндес ғажайып ұшақтар жасау қолға алынды. Жалпы, бұл өлкеге немістер неге қызықты? Ғалымдардың басын ауыртқан осы мәселе.

Оқымыстылардың жорамалынша Үшінші РейхАнтарктиданың астында ондаған, жүздеген шақырымғасозылатын аумағы өте кең жерасты үңгірлері бар екенін, Тибет монахтарынан естіген. Өйткені дәл сол уақыттанеміс билігі жер кіндігі Шамбаланы іздеп, Тибеткедебарғаны белгілі. Ал әлгі үңгірлердегі үнемі жылы ауаағысы адам өмір сүруіне аса қолайлы болған. Тіптіжерасты әлемі деуге тұрарлық мекен. Ғалымдарнемістердің Атлантида өркениеті осы Антарктиданыңастында қалғанынан хабардар болып, сол мекенге қолжеткізуге асыққан дейді. Кім білсін? Немістердің кереметқарулар, ұшатын табақша, баллистикалық зымырандаржасауы, сол өркениеттің жұртынан табылған жазба-сызбалар арқылы жүзеге асуы да мүмкін-ау. Қалай айтсақта, Антарктида жайлы аңыз көп, мұзды өлкенің құпиясымол. Осы өңірге сапар жасаған әртүрлі елдің көптегенэкспедициялары неше түрлі жұмбақ құбылыстарға тапболып, толығымен жойылып кеткендері де, жартысыжұмбақ жағдайда қаза тауып, арып-ашқан азғана топ елінеәрең оралғандары да бар. Бұл енді ешқандай қоспасызшындық.

1999 жылы ғылыми-зерттеу экспедициясы Антарктидаданөзгеше бір вирус тапқан. Қауіпті вирус мұз тоңдардыңастында жатқан көрінеді. Егер де сол мұздар еритін болса,аса қатерлі вирус жылумен бірге жер бетіне тарайтынкөрінеді. «Егер де ғалам жылынып, мұз ертіп кетсе,адамзатты керемет қатерлі эпидемия күтіп тұр» дейдіғалымдар.

Кім білсін, кезіндегі өркениет иесі атланттықтар да осыэпидемиядан жойылып кетуі де мүмкін-ау.

 

tazael.kz