Шыңғысханның мүрдесі «Қара әулиеде ме?»

Жұмыр  жердің  бетінде жұртты  таңқалдырған    үңгірлер  өте  көп.  Соның бірі және бірегейі АҚШ-тың  Кентуки  шататындағы   Флинт-Мамонтов  үңгірі. Оның  ұзындығы 288  шақырым (кей  деректер  500  шақырым дегенді  келтіреді). Оның бір  шетінен кіріп,  екінші  шетіне  шығу  үшін  туристерге  қанша уақыт кететінін   есептей  беріңіз…   Ұзындығы  жағынан  екінші  орында  тек  гипстен  тұратын  Украинадағы Оптимис  деп аталатын  үңгір.  Оның  ұзындығы  144  шақырым.   Бұлардан  кейін   Швейцариядағы Хеллох  және  Украинадағы Озерная  деп аталатын  үңгірлер.  Олардың  ұзындығы  130 және  104  шақырымнан. Ал  ең  терең  үңгір  ол  Испаниямен  Францияны  бөліп  жатқан Пиреней  тауындағы  Пьер-Сен- Мартен. Оның  тереңдігі 1332  метр. Енді  түсіп көр оған! Қап  тауындағы Қарлы  деп аталатын  үңгір  одан  1320  метрге «таяз». Одан  кейінгі  орында   Альп  тауындағы    Берже  және Жан-Бернар үңгірлері.  Тереңдіктері  1298 және 1141  метр. Ал  мұз  құрсанып  жатқан үңгірдің   бірі Гренландияда.  Тереңдігі  60  метр.   Әлемде  су  астында  жатқан   ең  үлкен  үңгір  деп Мексиканың  Юкатан   жарты  аралындағы  Үлкен  үңгір.  Оған  13   су асты  үңгірімен  дәліздер кіреді. Бір  қызығы   ол  кейінен  су  басып кеткен баяғы үндістердің өркениетке  қол  жеткізген  мая  тайпасының  бір  қаласының   орны   екен.   Ал  ең  ұзын    жер асты  жолы Одесса  қаласында.  Оның  ұзындығы  2500  шақырым. Туннель көптеген  залдардан  тұрады.  Кейбірі  кейінен  жасалып,  табиғи  үңгірмен  жалғастырылған. Бұл  жер  асты  жолдары Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  жауып  тұрған  оқтан  қорғану  үшін  кеңес  және  неміс  солдаттарына  да  көп  қызмет атқарғаны тарихтан  белгілі.  Ал  Римдегі  жер асты  жолдары  800,  Париждегі  жер асты  жолы 300  шақырымға  созылып жатыр. Акустикасы  ең  жоғары  үңгірге Сицилиядағы  Сиракузы  қаласының  маңындағы  «Дионис  құлағы»  деп аталатын үңгір  жатады. Мұнда  жай  сыбырлап  сөйлескеннің  өзі   әр  бұрышқа  жаңғырып  естіліп  жатады. Ал айқай салсаң,  дауысың зеңбіректің  атқанындай дауыс  шығарады екен.   Сондай-ақ  дауысты  ұлғайтып  шығаратын  үңгірлер  әлемде  жеткілікті көрінеді. Ал ең  кең  үңгірге   АҚШ-тың Нью-Мексика  штатындағы   Карлсбадск  үңгірі  жатады.  Оның  ұзындығы 1300  метр,   ені 200,   биіктігі 100  метр.  Ең  түбінде   кеңдігі 400 метр  болатын алаңы  бар. Ал қазақ  даласында  да    қилы   тарихтан сыр  суыртпақтайтын,  ертегі  -аңыздарға  арқау  болған   жүздеген  үңгірлер  бар. Қаратаудағы  «Қатынқамал», Шығыс  Қазақстандағы  «Ақ  бауыр», Шыңғыстаудағы «Қоңыр әулие» (Қоңыр  әулие  атты  үңгір Баянауыл  аймағында  да  бар)  «Бектауата»  және т.б. Бұлардың  қай-қайсыда  өткеннен  сыр  шертері  анық. Ал   Шыңғыстаудағы  Қоңыр әулие  үңгірі  жөнінде  де  қызықты  әңгімелер-аңыздар  көп. Соның  бірі жарты  әлемді  басып    алып,   ұлы  империя  құрған,  шығыстан  шыққан  Ұлы  қаған Шыңғысханның   мүрдесінің  осы  жерде  жатуы  жайында. Аңыз  солай  дейді. Үңгірдің  түбінде  тұнып  жатқан  шағын  көлдің  тұңғиығында үлкен  қара  сандық  бар,  оның  ішінде   Шыңғысханның жауһар  тастарымен  алтындары  яғни  қазынасы  осында  сақтаулы.   Ал  қара  сандықты  ішкім ашып  ішіндегісін алмау  үшін,  сандыққа  ешуақытта  өлмейтін  өте  улы  қара  қоңыздар  салынған  дейді аңыз. Қалай  айтсақ  та, аңыздың  өзегінде  қаншалықты  шындық барын кім  білсін, әйтеуір  Қоңыр  әулие  үңігрінің  құпиясы  әлі  ашыла  қойған  жоқ.

Ақшарқат  Ахметбек