Тылсым күшке  ие  суреттер

Әлемде  таң  қалатын  дүние  көп. Соның  бірі  – атақты  суретшілердің қаламынан туған картиналардағы  тылсым  күш. Адамды  баурап, еркінен айрып,  жынды қылып  жібере жаздайтын  сыйқырлы  күшті  суретшілер  өз  туындылары  арқылы  қалай  бере  білді? Түсініксіз. Бәлкім  олардың  ұлылығы  да  осыда  болар.  Сонымен ғажайып  картиналардың  құдіреті туралы  сыр  тарқатып көрелік.

Ә  дегенде  ауызға алдымен  ілінетін Леонардо  да Винчидің «Джокондасы».  Бұл  ұлы  туындының  ерекше   қуатқа  ие  екені  туралы  ХІХ  ғасырда француздың аса  талантты  жазушысы Стендаль  жазып  кеткен. Суретке  ұзақ  қараған  жазушы, бойынан  әл  кетіп, картинаның  алдында құлап  қалған  көрінеді. Лувр  қазметкерлері  (бұл туынды қазір  осында  тұр) көрермендердің  талай  мәрте   «Мона  Лизанның»   алдына  келгенде   естен  танып  қалғандарына  куә  болғанын айтады. Бір  қызық  жайт,  залда  адам  жоқ  кезде,  картинадағы  сурет  солғын,  көмескі  тартып,  өзінің   ғажайыптығын  бір  сәтке  болса да   жоғалтып  алады-мыс. Залда  қалай адам  пайда  болады сурет жарқырап,  туындыдағы  әйелдің  жымиысы ерекше сыйқырға  еніп,  жұртты  өзіне еріксіз  назар аудартады екен. Джоконданы тамашалауға келген француздің атақты бір графы, туындыға қарап тұрып, жүрегін басып тұрған орнында құлап қалыпты. «Ол мені шақырып жатыр, қайда, иә қайда… білмеймін. Оның көзі… көзі менің жүрегімді сурып алып бара жатыр, сұмдық-ай…» Картина алдында ойда жоқта жан тапсырған графтың соңғы сөзі осы болыпты…

Тағы  бір  тылсым  күшке ие    картина «Айна ұстаған  Венера» деп аталады. Бұл  суреттің  құдіреті сол – өзінің  иесін мүсәпір  халге жеткізіп, бейшара,  қайыршы  деңгейге  дейін   түсіреді екен. Осы туындыны  алғаш  сатып  алған  испандық  көпес   көп  ұзамай қайғыға  тап  болыпты. Кәсіпкер  көпестің  біраз кемесі кенеттен  отқа  оранып,   айлақта  тұрған  жерінде   дымы  қалмай  жанып  кетеді. Ал  қалған кемелерін  теңіз  қарақшылары  басып алып,  көпес дымсыз қалады. Амалсыз жалаң аяқ  қалған  испандық  бай  барлық  дүние-мүлкін  сатып, басын кедейліктен арашалап  қалады.  Алайда  сурет  үйінде тұрған соң,  ол тағы  бір  бақтысыздыққа  тап  болыпты. Бұл  жолы үйіне  жай  түсіп, баспана  күлге  айналса  керек-ті. Тек көршілерінің  көмегі  арқасында  біраз  дүние-мүлкі мен  әлгі  ғажайып  суретті  аман  алып  қалады. Бір  сәуегей  бар  бақытсыздыққа алып келген сурет екенін көпеске  айтса  керек. Дереу әлгі   қарғыс  атқан   шығарманы   кері қайтарыпты. Аукционға  түскен   «Айна ұстаған  Венера» картинасын тағы  бір  қалталы азамат  сатып  алса  керек. Бірақ  үш  күннен кейін үйіне  ұры  түсіп,  алтын  толы  сандықты  алып,  қожайынды  өлтіріп  кетеді.Осыдан  кейін-ақ, Мадридте    кесірлі  картина  жайында  өсек  тарайды. Қайтыс  болған   қожайының мұрагері суретті   әрең  дегенде  арзан бағаға  белгісіз  бір  мұражайға  сатып  құтылады. Кейінен  әлгі  картина Лондондағы Ұлттық  галерея  залына  қойылған  екен. Бірақ   бұл  жолы суреттің  жолы  болмапты. 1914  жылы келушілердің  арасында психикалық  ауруға  ұшыраған  бір  әйел қалтасына  сала келген  пышақпен  картинаны талқандап  тастайды. Тағы бір  тылсым  күшке  ие  туынды – голландық  атақты  суретші  Питер  Брейгелдің  «Бақсылардың  тәу етуі». Осы  картина  бірнеше  мәрте жеке адамдардың колекциясында  болыпты. Бір  қызығы,  әлгі картинаны  сатып  алған  адамның  әйелі бедеулікке ұшырап,  перезент көруге  зар  болып  қалады екен.  Суреттің  мән-жайына  қанық  болған  жұрт  одан  теріс айналыпты. Сыйқырлы   картиналардың келесісі  француз Клодо  Моненің «Судағы лала гүлі».   Қылқаламынан бояу  төгілген   атақты  суретші   картинаны  қалай  салып  бітіріп,  нүктесін  қояды, сол-ақ  екен  шағын шеберханасы  өртке оранып  жүре  беріпті. Бірақ алғашында  суретші де,  өзгелер де  картинаның тылсым күшіне  мән  беремейді. Арада ай  өтісімен  сурет Монмартредегі  бір  мұражайға  қойылады.  Бар  қырсық  осында басталса  керек.  Әлгі  мекеме   арада  бірнеше  күн   өтпей-ақ  түгі  қалмай  жаным  кетіпті. Бірақ қызметкерлер біраз  затпен  қатар,  қырсық  шалған   туындыны  бүлдірмей алып  қалыпты. Картинаның  келесі  иесі  париждік  меценат Оскар Шмитц. Бір  жылдан  кейін оның да  үйі  отқа оранды. Бір  қызығы өрт сурет  тұрған  бөлмеден  басталыпты. Картинаның  соңғы  мекені Нью-Йорктегі өнер  мұражайы  еді. 1958  жылы онда  да  өрт  болып,  картинаның  өзі   жартылай  жанып  кетіпті.

Міне, лалагүлінің қасіреті  қандай болған  десеңізші. Жалпы  лалгүлі Еуропада қасірет  гүлі  деп  аталатынын белгілі. Нақты  дәлел  – осы  картина. Жақында  ғана Ослода   норвег суретшісі Эдвард   Мунканың  «Айқай»  деп аталатын   картинасы  қолды  болды.  Оның  нарықтағы  құны  70  миллион  доллар  болатын. Бәлкім  ұрылар  соны  ескерген   болар. Мәселе,  суреттің  ұрланғанында  емес,  мәселе картинада  да  белгісіз  тылмыс  күштің  барлығында. Бірде мұражай  қызметкері шаңын  сүртіп  жатып,  суретті  қолынан  түсіріп  алады. Содан  бастап басы  сынып ауыратын  болған. Ақыры  сол бас ауруынан  шыдай алмай,  өзін өлтіруге  мәжбүр болыпты. Бірде мұражайға   келуші  байқамай картинаны саусағымен  түртіп қалады. Арты  үлкен қайғыға  ұласарын  сол  жерде келуші   аңғармаса керек.  Үйіне келген  бетте өрт  шығып,  өзі  тірідей  жанып  кетіпті.  Жалпы  жұрттың  айтқанына  қарағанда, осы  картина талайдың  басына  бақытсыздық  әкелсе  керек-ті.

Мұражай  қызметкерлері  «картинаны  ұрлағандарды  да  үлкен  қайғы  күтіп  тұр»  деседі…  Кім білсін?..  Дәл  осындай  «құдіретке»  ие  картина  Ресейде  де  бар. Оны Иван Лопухин  деген  шонжардың жас  кезінде  сүзектен  дүниеден  өткен қызы  салыпты. Әрине  суреттің  салынуында кінәрат  жоқ.  Ғажап.  Бірақ… Иә, сол  бірақ  дейтін  дүние бар. Неге  екені  қайдам,   картинаға таңқала  қараған жас  қыздардың  бәрі    араға  уақыт  салмай  қайтыс  болып  кете  береді. Қысқа  уақытта оншақты    қыз жарық  дүниемен  қоштасыпты. Содан кейін-ақ,  суретті  жас  қыздарға  көрсетуге  тыйым салыныпты.  Бұл  не?   Түсініксіз. Картиналардың  құдіреті неде? Оған  қазіргі  ғылым да  жауап  бере алмайды.

 

 

tazael.kz