Жаһанға сырын бүккен жұмбақ карта

Бүгінге дейін Америка құрлығын  ашқан Христофор  Колумб  мен  Америнго  Веспучи  деп айтылып  келді. Оны  ешкім  жоққа шығармайды.

Рас,  екі саяхатшы  да Америка  құрлығына  Еуропадан  барып алғаш  қадам басып, қазығын  қадаған  жандар. Дегенмен  әр-әр  жерде «Америкаға    алғаш  болып  табан  тіреген  олар емес,  тұңғыш  рет миллиондаған  үндістің  қанына  боялған   аймаққа   барғандар викинглер  мен кельттер  деген»  әңгіме  айталып қалады. Тіпті  бұлтартпас   деректер де  жоқ емес. Ол құрлыққа  қазба жұмыстары  жүргізілген  кезде табылған  тұрмыстық  құралдар  мен  бұйымдардың  ежелгі  кельттердікі екені талай мәрте  айғақталды  да. Бірақ тарих қайта  жазылмайды. Американы  алғаш ашқан  Колумб, ал құрлықтың  аты  Америнго Веспучидің  құрметіне Америка  болып  аталып  қала    берді. Дегенмен   Американы ашқан  олар  емес,  өзгелер  еді …

1957 жылы   Барселонада    бір  көне карта   сатылымға  қойылды. Иесі   жай  ғана  кітап  сатумен айналысатын  жан  еді.  Әлгі  карта  оның  қолына  қайдан түсті, оны әлі күнге  ешкім  білмейді. Жер  шарының  түрлі сызбалары  бар көне  карта  3500 долларға  сатылды. Сатып алушы америкалық Лоренсом Уиттен  деген азамат. Ол  1959  жылы картаны     кері сатуға  шығарды. Белгісіз   сатып алушы  оған  250  мың  доллар төлейді. Сол уақыттың нарқымен есептесек,  бұл  өте  үлкен  қаржы  еді. Кейіннен  белгілі  болғандай,  картаны  сатып алушы өнер  десе  ішкен  асын  жерге  қоятын, көне  жәдігерлерді  жинаумен  айналысатын   атақты  бизнесмен,  Пол Меллон   еді. Мұндай  сирек  кездесетін   жұмбақ картаның  бағасын  ол білсе  керек,  бірден 25 миллион  долларға  сақтандырған. Мамандар  көне  картаның  түпнұсқа екенін  түрлі   сараптар  жасай  отырып  қол жеткізген. Олардың  айтуынша  карта Колумб Американы  ашуынан  бес  жүз  жыл бұрын  жасалған. Сонымен Америкаға  алғаш барып, жүріп  өткен  жолдарын картаға  бедерлеген  кім? Картаның  үлкендігі 28Х41 см. Онда  Қасиетті Лавретия  және Гудзон  деген   екі шығанағы  бар Солтүстік  Америка  жағалауы көрсетілген. Сондай-ақ Африка,  Азия  және  Еуропаның    сұлбалары  салынған. Еуропаның  солтүстіктегі  бөліктері  Гренландия,  Исландия  және Виланда  да картадан  орын  тепкен. Картада  «Виланд  аралын ашқан  саяхатшы Бьярни  мен Лейфе» деген  жазулар  бар.  Бұдан  өзге картаның  жоғары  жағында  латын  әріпіне  ұқсас  таңбамен     жол-сапардың мәні –мақсаты  түсіндірілген. Олар ұзақ та  қиын  сапардан  кейін  жаңа  жер тапқандарын  айтады.  Оны  Винланд  деп атағандарын  да  жазып қалдырған.  Міне картаның  барлық  сыры  осы. Мамандардың  сараптамасы  карта  біздің дәуіріміздің 999 жылы жасалғанын  анықтап  берді. Ал  олардан,    яғни 493  жылдан   кейін Колумб  ол екеуі ашқан  жерге барған. Демек  жаңа  құрлыққа   тұңғыш болып табан  тірегендер   скандинавиялық  теңіз  саяхатшылары  Лейф пен Бьярни  екені   осы карта  арқылы бүгінге  белгілі  болып  отыр.

Кім  білсін,  Христофор  Колумб мен Америнго   Веспучилер осы  картаны  пайдаланып,  онда  көрсетілген теңіз  жолдары  арқылы  Америкаға  барған  шығар. Мүмкін…