БҚО-да жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында Самара- Шымкент жолының 290-шақырымында ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысты. Апат салдарынан 6 адам қаза тапты.
Олардың екеуі – 34 және 33 жастағы ересек адамдар. Қалғаны 11, 12, 5, 1 жасар кәмелетке толмаған балалар еді.
Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі де зардап шеккен.
«Оқиға орнында толық мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», – деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Шыңғыс Бірманов.