Оралдың екі адамы есірткі сататын интернет-дүкен ұйымтастырған

84
Орал қаласының екі тұрғыны есірткіні интернет-дүкен арқылы батыс өңірдегі үш қалаға сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер Орал мен Ақсай (Батыс Қазақстан облысы) және Атырау қалаларынан 500 орама есірткіні тапты. 300 орама Атыраудағы Жайық өзенінің жағалауындағы адам көп жиналатын орындарға жасырылған.
Есірткі саудасын Орал қаласының екі тұрғыны жүргізген. Біреуі интернет-дүкен операторы болса, екіншісі курьер қызметін атқарған.
Полицейлер виртуалды сауда нүктесін ұйымдастырушыны анықтап, оған тосқауыл қою жұмыстарын жүргізіп жатыр.