Түркістан облысын дамытудың төрт бағыты айқындалды

Биыл Қазақстанның тұңғыш ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құрутуралы Жарлыққа қол қойып, көне шаһарғаоблыс орталығы мәртебесін бергеніне 1 жылтолады. Осы орайда, Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, идеологиялықдамуының төрт бағыты айқындалып отыр, депхабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөзқызметі.

Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті 38 сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев айтыпөтті.

Идеологиялық ұстанымның бірінші басымдығына сай– осы қалаға келген адам күллі қазақ мемлекетініңбасынан өткен тарихи оқиғалардан мағлұматалатындай болуы тиіс. Келген туристер өңіріміздеорналасқан киелі жерлерге зиярат етіп, туристікбағыттарды насихаттайды.

ЕкіншіденТүркістанда әлемдік деңгейдегі шеберлерорталығы болуы басты назарда. Түркістандағы ҚожаАхмет Ясауи кесенесіәлемде теңдесі жоқ сәулеттуындысы. Ғажайып ғимаратта ғасырлар бойықалыптасқан өркениеттік құрылыс тәжірибесінің ізіжатыр. Кесененің құрылысында түркі өркениетініңнақыштары мен ою-өрнектері, көне замандардағысәулет және бейнелеу өнер туындысы көрініс тапқан. Тарих қойнауында қалған, көнеден келе жатқанұлттық қолөнерімізді кейінгі ұрпаққа жеткізу үшін, шеберлік құпиялар мен қолөнер технологияларынсақтау, нығайту және жаңғырту үшін жағдайжасалмақ.

Үшіншіден, Түркістан тоғыз жолдың торабындаорналасқан ірі сауда орталығы болған. Бүгін де бұлқаланы ірі сауда, өнер, туризм орталығынаайналдырудың кешенді тетігі дайындалады. Әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу тетігімәдениет, өркениет, сауда, сәулет, қолөнер, музыка сияқты салаларды қайта жаңғыртудан басталады. Кеше тарихи Ұлы Жібек Жолы да осы Түркістаннанөткен болса, бүгін де сол жол жалғасып келеді.

Төртіншіден, Қожа Ахмет Ясауижалпы түркіруханияты кеңістігінде өзіндік ілім қалыптастырып, исламдық құндылықтар негізіндегі ар түзейтінғылымның моральдық-этикалық арнасы мен үлгісінкөрсетіп кеткен тарихи тұлға. Ясауидің артынақалдырған өшпес мұрасы оның еңбектерінде жатыр. Осы мақсатта Қожа Ахмет Ясауидың Түркия, Өзбекстан, Иран, Индонезия және Еуропа елдеріндегішәкірттерінің басын қосатын симпозиум ұйымдастырылмақ.

Сондай-ақ, облыс имиджіне оң әсер ететін іс-шараларжиі өткізіледі деп күтілуде.