Ақмола облысында екі полиция полковнигі ұсталды

Ақмола облыстық полиция департаменті полковниктердің ұсталуына байланысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz Көкшетау Азияға сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК қызметкерлері екі полиция полковнигін ұстады. Осыған қатысты облыстық полиция департаменті жағдайға түсінік берді. Ведомствоның хабарлауынша, полковниктер Асан Садуов пен Сәуле Жұмалинаның үстінен сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынған.

– Ішкі қауіпсіздік басқармасы және ҚР ҰҚК-нің ведомствоаралық тергеу-жедел тобы ҚР Қылмыстық кодекстің189-бабында көрсетілген қылмысты, яғни «Сеніп берілген мүлікті ысырап ету немесе меншіктегені» үшін сотқа дейін іс қозғап, тергеуді қолға алды.

Тексере келе, күдіктілер жылдар бойы бұл заңбұзылықшылыққа жүйелі түрде жол беріп келгені белгілі болды.

Полковник Садуов ішкі істер органынан қуылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.