Арыста 7 әлеуметтік нысан толық қалпына келтірілді

Арыс қаласында 7 әлеуметтік нысан толық қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Арыста жалпы алғанда 9 313 құрылысшы жұмыс істеп жатыр. 7 мыңнан аса маман тұрғын үй қорын қалпына келтіруде, қалған бөлігі әлеуметтік нысандарда іске қосумен айналысып жатыр “6 тамызға дейін бригадалар 7 білім беру мекемесін толық жөндеуден өткізіп, пайдалануға берді. Білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы 59 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ, аптап ыстыққа қарамастан, құрылысшылар 2 405 үйде косметикалық жөндеу жұмыстарын аяқтайды. Апатты деп танылған тағы 413 үй бұзылып, рекордтық мерзімде құрылысы салынып жатыр”, – делінген министрліктің хабарламасында. Еске салайық, әскери полигондағы жарылыстардан Арыс қаласының тұрғын үй қорының 85 пайызы бүлінген еді. 1 тамызға дейін құрылысшылар 6,5 мың ЖТҚ және КПТҮ объектілерін қалпына келтірді, бұл барлық қираған үйлердің 90 пайызы.

Kaz.tengrinews.kz