Биыл Ақмола өңірінде 148 шақырым жол жөнделеді

Ақмола облысындағы автожолдарды орташажөндеу жұмыстары 10 учаскеге бөлінген. Жалпыұзындығы 148 шақырым автожолда 2 жол өтпесі, 2 су өткізгіш құбыр және 2 бағдаршаморнатылады. Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” ҰК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде тегістеуші қабатты төсеу, су өткізгішқұбырларды орнату, жол жиегін бекіту мен жолтаңбаларын салу бойынша қарқынды жұмыстарбірнеше учаскелерде жүргізіліп жатыр

«Көкшетау – Атбасар» 102-158 км; 

«Көкшетау-Рузаевка» 20-40 км;

«Макинск-Ақсу-Торғай» 0,95-22,95 км;

«Макинск-Ақсу-Торғай» 203,8-214, 220-220,8 км; 

«Нұр-Сұлтан Ерейментау-Шидерті» 130-162 км; 

«Нұр-Сұлтан қаласы айналып өтпе жолы» 9-22,9 км; 

«Нұр-Сұлтан – Петропавловск-Бурабай» 10-21 км; 

«Нұр-Сұлтан қаласы айналып өтпе жолы» 46,2-52 км; 

«М-36 «(Екатеринбург) – Алматы» 1232-1246 км.

«Жоспар бойынша, осы маусымда жолшылар«Көкшетау қаласының айналып өтпе жолының» 15 шақырымы мен «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 9 шақырымында орналасқан 2 жол өтпесін жөндейді. Нысанда өтпеліплиталар, тосқауыл қоршаулар, деформациялық жіктер ауыстырылып, жолөтпесімен түйісетін жол жабынындағы ақауларжойылады. Қазіргі таңда жол өтпесін орташажөндеу жұмыстарының 60%-ы аяқталған», – деді компанияның баспасөз қызметі.

Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы барлықжөндеу жұмыстары толық және уақытылы жүзегеасырылуда.