Елорданы 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленеді

Биыл Нұр-Сұлтан қаласын 2050 жылға дейін дамыту стратегиясы әзірленеді. Бұл туралы бүгін ХІІ Астана экономикалық форумы барысында елорда әкімі Бақыт Сұлтанов айтты.

«Биыл елорданың қарқынды өсуімен байланысты сын-тегеуріндерді, қала аумағының әркелкі дамуын және бүкіл әлемнен таланттарды тартуды ескеретін 2050 жылға дейінгі  Нұр-Сұлтан қаласын дамыту стратегиясын әзірлейміз. Стратегиясы мақсаты – тіршілік тартымдылығы мен барлығына арналған жұмыс, жаһандық бәсекеге сай әрі тұрақты экономика сынды сипаттамаларды қамтитын жаһандық деңгейдегі қала құру. Және түптеп келгенде ең алдымен саяси Еуразиялық жаһандық хабқа айналады», – деді елорда әкімі «Жаһандық жібек жолы – қала мэрлерінің форумы» сессиясы барысында.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов Нұр-Сұлтан қаласы  бүкіл әлемдегі ниеттестерімен өңіраралық өзара іс-қимылды кеңейту және нығайту саясатын жалғастыратындығын айтты.

«Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтанның 32 елде 47 бауырлас және серіктес қаласы бар. Олардың 29-ы астаналар.  Біз олардың әрқайсысымен екіжақты, сондай-ақ көпжақты қарым-қатынас аясында өзара тиімді кооперацияны дамытуға тырысамыз», – деді ол.

inform.kz